قۇرئان كەرىم مەنىلىرىنىڭ تەرجىمىسى - قازاقچە تەرجىمىسى - ئالتاي خەلىپىسى

بەت نومۇرى:close

external-link copy
123 : 9

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ قَٰتِلُواْ ٱلَّذِينَ يَلُونَكُم مِّنَ ٱلۡكُفَّارِ وَلۡيَجِدُواْ فِيكُمۡ غِلۡظَةٗۚ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلۡمُتَّقِينَ

Әй мүміндер! Маңайларыңдағы кәпірлермен соғысыңдар. Олар сендерден бір қатаңдық тапсын. Расында Алла, тақуалармен бірге екенін біліңдер. info
التفاسير:

external-link copy
124 : 9

وَإِذَا مَآ أُنزِلَتۡ سُورَةٞ فَمِنۡهُم مَّن يَقُولُ أَيُّكُمۡ زَادَتۡهُ هَٰذِهِۦٓ إِيمَٰنٗاۚ فَأَمَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ فَزَادَتۡهُمۡ إِيمَٰنٗا وَهُمۡ يَسۡتَبۡشِرُونَ

Бір сүре түсірілген кезде, олардан: «Бұл қайсыларыңның иманын арттырады?»,- дейтін де біреулер бар. Дегенмен мүміндердің иманын арттырады, олар қуанысады. info
التفاسير:

external-link copy
125 : 9

وَأَمَّا ٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ فَزَادَتۡهُمۡ رِجۡسًا إِلَىٰ رِجۡسِهِمۡ وَمَاتُواْ وَهُمۡ كَٰفِرُونَ

Сондай-ақ ол сүре жүректерінде дерті болғандардың жамандықтарының үстіне жамандық арттырады; олар, қарсы болған күйде өледі. info
التفاسير:

external-link copy
126 : 9

أَوَلَا يَرَوۡنَ أَنَّهُمۡ يُفۡتَنُونَ فِي كُلِّ عَامٖ مَّرَّةً أَوۡ مَرَّتَيۡنِ ثُمَّ لَا يَتُوبُونَ وَلَا هُمۡ يَذَّكَّرُونَ

(Мұнафықтар) әр жыл бір не екі рет сыналғандарын көрмей ме? Сонда да олар тәубе қылмайды, үгіт те алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
127 : 9

وَإِذَا مَآ أُنزِلَتۡ سُورَةٞ نَّظَرَ بَعۡضُهُمۡ إِلَىٰ بَعۡضٍ هَلۡ يَرَىٰكُم مِّنۡ أَحَدٖ ثُمَّ ٱنصَرَفُواْۚ صَرَفَ ٱللَّهُ قُلُوبَهُم بِأَنَّهُمۡ قَوۡمٞ لَّا يَفۡقَهُونَ

Қашан бір сүре түсірілсе, біріне- бірі қарап: «Сендерді көретін біреу бар ма?»,- десіп, сонсоң өздері бұрыла жөнеледі. Алла, олардың жүректерін теріс айналдырған. Расында олар түсінбейтін әлеумет. info
التفاسير:

external-link copy
128 : 9

لَقَدۡ جَآءَكُمۡ رَسُولٞ مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ عَزِيزٌ عَلَيۡهِ مَا عَنِتُّمۡ حَرِيصٌ عَلَيۡكُم بِٱلۡمُؤۡمِنِينَ رَءُوفٞ رَّحِيمٞ

Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді info
التفاسير:

external-link copy
129 : 9

فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقُلۡ حَسۡبِيَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَهُوَ رَبُّ ٱلۡعَرۡشِ ٱلۡعَظِيمِ

(Мұхаммед Ғ.С.) сонда, егер олар сенен жалтайса: «Маған Алла жетіп асады, Одан басқа ешбір тәңір жоқ, Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ Ол, ұлы ғаршының Раббы » де. info
التفاسير: