قۇرئان كەرىم مەنىلىرىنىڭ تەرجىمىسى - قازاقچە تەرجىمىسى - ئالتاي خەلىپىسى

بەت نومۇرى:close

external-link copy
118 : 9

وَعَلَى ٱلثَّلَٰثَةِ ٱلَّذِينَ خُلِّفُواْ حَتَّىٰٓ إِذَا ضَاقَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَرۡضُ بِمَا رَحُبَتۡ وَضَاقَتۡ عَلَيۡهِمۡ أَنفُسُهُمۡ وَظَنُّوٓاْ أَن لَّا مَلۡجَأَ مِنَ ٱللَّهِ إِلَّآ إِلَيۡهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيۡهِمۡ لِيَتُوبُوٓاْۚ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

(Сахабалардан Кәғап, Ћилал және Марара жауқаулық істеп, Тәбүк соғысына бармай қалып, соғыстан қайтып келгенде Пайғамбар (Ғ.С.) ға өкініш білдіріп, кешірім тілейді. Пайғамбар (Ғ.С.) оларға: «Тұра тұрыңдар» дегендіктен олармен адамдар сөйлеспей қойып, елу күннен кейін осы аят түседі. Және 102-106 аяттар да осы уақиғаға байланысты.) Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейін Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді. info
التفاسير:

external-link copy
119 : 9

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَكُونُواْ مَعَ ٱلصَّٰدِقِينَ

Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
120 : 9

مَا كَانَ لِأَهۡلِ ٱلۡمَدِينَةِ وَمَنۡ حَوۡلَهُم مِّنَ ٱلۡأَعۡرَابِ أَن يَتَخَلَّفُواْ عَن رَّسُولِ ٱللَّهِ وَلَا يَرۡغَبُواْ بِأَنفُسِهِمۡ عَن نَّفۡسِهِۦۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ لَا يُصِيبُهُمۡ ظَمَأٞ وَلَا نَصَبٞ وَلَا مَخۡمَصَةٞ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَلَا يَطَـُٔونَ مَوۡطِئٗا يَغِيظُ ٱلۡكُفَّارَ وَلَا يَنَالُونَ مِنۡ عَدُوّٖ نَّيۡلًا إِلَّا كُتِبَ لَهُم بِهِۦ عَمَلٞ صَٰلِحٌۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُضِيعُ أَجۡرَ ٱلۡمُحۡسِنِينَ

Мединеліктердің және маңайлардағы бәдеуилердің Алланың Елшісінен кейін қалуларына сондай-ақ оның жанынан өз жандарын артық көрулеріне болмайды. Өйткені, олар, Алла жолында шөлге душар болса, шаршаса, ашықса, кәпірлерді ызаландыратын бір жерді басып өтсе және дұшпанды жеңсе ғана оларға сол себепті жақсы ғамал жазылады. Алла игілік істеушілердің сауабын зая қылмайды. info
التفاسير:

external-link copy
121 : 9

وَلَا يُنفِقُونَ نَفَقَةٗ صَغِيرَةٗ وَلَا كَبِيرَةٗ وَلَا يَقۡطَعُونَ وَادِيًا إِلَّا كُتِبَ لَهُمۡ لِيَجۡزِيَهُمُ ٱللَّهُ أَحۡسَنَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

Олар, Алла жолында үлкен-кіші бір нәрсе сарып қылса, бір ойпатты басып өтсе, Алла олардың көркем ғамалдарына сыйлық беру үшін сауап жазылады. info
التفاسير:

external-link copy
122 : 9

۞ وَمَا كَانَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ لِيَنفِرُواْ كَآفَّةٗۚ فَلَوۡلَا نَفَرَ مِن كُلِّ فِرۡقَةٖ مِّنۡهُمۡ طَآئِفَةٞ لِّيَتَفَقَّهُواْ فِي ٱلدِّينِ وَلِيُنذِرُواْ قَوۡمَهُمۡ إِذَا رَجَعُوٓاْ إِلَيۡهِمۡ لَعَلَّهُمۡ يَحۡذَرُونَ

Онымен қатар мүміндердің біртұтас жауға аттанулары тиісті емес. Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде; олардың сақсынулары үшін ескертулері керек емес пе? info
التفاسير: