قۇرئان كەرىم مەنىلىرىنىڭ تەرجىمىسى - قازاقچە تەرجىمىسى - ئالتاي خەلىپىسى

بەت نومۇرى:close

external-link copy
112 : 9

ٱلتَّٰٓئِبُونَ ٱلۡعَٰبِدُونَ ٱلۡحَٰمِدُونَ ٱلسَّٰٓئِحُونَ ٱلرَّٰكِعُونَ ٱلسَّٰجِدُونَ ٱلۡأٓمِرُونَ بِٱلۡمَعۡرُوفِ وَٱلنَّاهُونَ عَنِ ٱلۡمُنكَرِ وَٱلۡحَٰفِظُونَ لِحُدُودِ ٱللَّهِۗ وَبَشِّرِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ

(Әй Мұхаммед Ғ.С.!) Тәубе етушілер, құлшылық қылушылар, мақтаушылар, ораза ұстаушылар, рүкүғ қылушылар, сәжде етушілер, жақсылыққа бұйырушылар, жамандықтан тыюшылар және Алланың шектерін қорғаушылар осы мүміндерді шүйіншіле. info
التفاسير:

external-link copy
113 : 9

مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَن يَسۡتَغۡفِرُواْ لِلۡمُشۡرِكِينَ وَلَوۡ كَانُوٓاْ أُوْلِي قُرۡبَىٰ مِنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمۡ أَنَّهُمۡ أَصۡحَٰبُ ٱلۡجَحِيمِ

(Пайғамбар, әкесімен туысқан Әбу Таліп үшін; және кейбір Мұсылмандар да иманға келмей өлген әке-шешелері үшін жарылқау тілегісі келген.) Пайғамбарға және мүміндерге тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін егер жақындары болса да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды. info
التفاسير:

external-link copy
114 : 9

وَمَا كَانَ ٱسۡتِغۡفَارُ إِبۡرَٰهِيمَ لِأَبِيهِ إِلَّا عَن مَّوۡعِدَةٖ وَعَدَهَآ إِيَّاهُ فَلَمَّا تَبَيَّنَ لَهُۥٓ أَنَّهُۥ عَدُوّٞ لِّلَّهِ تَبَرَّأَ مِنۡهُۚ إِنَّ إِبۡرَٰهِيمَ لَأَوَّٰهٌ حَلِيمٞ

Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесі үшін жарылқау тілеуі, оған берген бір уәде бойынша ғана еді. Өзіне, оның Алланың дұшпаны екені білінген кезде, одан безді. Расында Ыбырайым қажырлы әрі жұмсақ мінезді еді. info
التفاسير:

external-link copy
115 : 9

وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُضِلَّ قَوۡمَۢا بَعۡدَ إِذۡ هَدَىٰهُمۡ حَتَّىٰ يُبَيِّنَ لَهُم مَّا يَتَّقُونَۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِكُلِّ شَيۡءٍ عَلِيمٌ

Алла бір елді тура жолға салғаннан кейін олардың сақсынатын нәрселерін ашық білдірмейінше, оларды адастырмайды. Расында Алла әр нәрсені толық білуші. info
التفاسير:

external-link copy
116 : 9

إِنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۖ يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۚ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٖ

Шынында көктердің және жердің иелігі Аллаға тән.Ол, тірілтеді, өлтіреді. Сондай-ақ сендер үшін Алладан өзге не дос не жәрдемші жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
117 : 9

لَّقَد تَّابَ ٱللَّهُ عَلَى ٱلنَّبِيِّ وَٱلۡمُهَٰجِرِينَ وَٱلۡأَنصَارِ ٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ فِي سَاعَةِ ٱلۡعُسۡرَةِ مِنۢ بَعۡدِ مَا كَادَ يَزِيغُ قُلُوبُ فَرِيقٖ مِّنۡهُمۡ ثُمَّ تَابَ عَلَيۡهِمۡۚ إِنَّهُۥ بِهِمۡ رَءُوفٞ رَّحِيمٞ

Шынында Алла, бір бөлімінің жүректері ауытқуға таяған ауыршылықтан кейін Пайғамбарға ерген Мұћажірлер мен Ансардың, Пайғамбардың тәубелерін қабыл етті. Алла, оларға тым жұмсақ, өте мейірімді болғандығынан тағы да оларың тәубелерін қабыл етті. info
التفاسير: