قۇرئان كەرىم مەنىلىرىنىڭ تەرجىمىسى - قازاقچە تەرجىمىسى - ئالتاي خەلىپىسى

بەت نومۇرى:close

external-link copy
7 : 9

كَيۡفَ يَكُونُ لِلۡمُشۡرِكِينَ عَهۡدٌ عِندَ ٱللَّهِ وَعِندَ رَسُولِهِۦٓ إِلَّا ٱلَّذِينَ عَٰهَدتُّمۡ عِندَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۖ فَمَا ٱسۡتَقَٰمُواْ لَكُمۡ فَٱسۡتَقِيمُواْ لَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ يُحِبُّ ٱلۡمُتَّقِينَ

Ол мүшріктердің Алла қасында, Елшісінің қасында қалай келісімі бола алады? Бірақ Месжід Харамда, бітім жасасқандарыңдікі болады. Олар сендерге түзу сыңай байқатса, сендер де оларға түзу ыңғыл көрсетіңдер. Алла сақтанушыларды жақсы көреді. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 9

كَيۡفَ وَإِن يَظۡهَرُواْ عَلَيۡكُمۡ لَا يَرۡقُبُواْ فِيكُمۡ إِلّٗا وَلَا ذِمَّةٗۚ يُرۡضُونَكُم بِأَفۡوَٰهِهِمۡ وَتَأۡبَىٰ قُلُوبُهُمۡ وَأَكۡثَرُهُمۡ فَٰسِقُونَ

Қалайша (олармен келісім болады?) Егер олар сендерге өктем келсе, сендер туралы жақындыққа да келісімге де қарамас еді. Олар, сендерді ауыздарымен разы қылмақшы да, жүректері ұнатпайды. Өйткені олардың көбі бұзақы. info
التفاسير:

external-link copy
9 : 9

ٱشۡتَرَوۡاْ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ ثَمَنٗا قَلِيلٗا فَصَدُّواْ عَن سَبِيلِهِۦٓۚ إِنَّهُمۡ سَآءَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

Олар Алланың аяттарын аз бағаға сатып, Оның жолынан тосты. Олардың істеген істері нендей жаман. info
التفاسير:

external-link copy
10 : 9

لَا يَرۡقُبُونَ فِي مُؤۡمِنٍ إِلّٗا وَلَا ذِمَّةٗۚ وَأُوْلَٰٓئِكَ هُمُ ٱلۡمُعۡتَدُونَ

Олар мүмін жайында жақындықты да келісімді де сақтамайды. Міне солар, шектен шыққандар. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 9

فَإِن تَابُواْ وَأَقَامُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتَوُاْ ٱلزَّكَوٰةَ فَإِخۡوَٰنُكُمۡ فِي ٱلدِّينِۗ وَنُفَصِّلُ ٱلۡأٓيَٰتِ لِقَوۡمٖ يَعۡلَمُونَ

Сонда егер олар, тәубе етіп, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олар сендердің дін қарындастарың. Білген елге аяттарымызды ашық-ашық баян етеміз. info
التفاسير:

external-link copy
12 : 9

وَإِن نَّكَثُوٓاْ أَيۡمَٰنَهُم مِّنۢ بَعۡدِ عَهۡدِهِمۡ وَطَعَنُواْ فِي دِينِكُمۡ فَقَٰتِلُوٓاْ أَئِمَّةَ ٱلۡكُفۡرِ إِنَّهُمۡ لَآ أَيۡمَٰنَ لَهُمۡ لَعَلَّهُمۡ يَنتَهُونَ

Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар. Өйткені олардікі ант емес. Олар бәлкім тыйылар. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 9

أَلَا تُقَٰتِلُونَ قَوۡمٗا نَّكَثُوٓاْ أَيۡمَٰنَهُمۡ وَهَمُّواْ بِإِخۡرَاجِ ٱلرَّسُولِ وَهُم بَدَءُوكُمۡ أَوَّلَ مَرَّةٍۚ أَتَخۡشَوۡنَهُمۡۚ فَٱللَّهُ أَحَقُّ أَن تَخۡشَوۡهُ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ

(Әй мүміндер!) Анттарын бұзған, Пайғамбарды жұртынан шығаруға бел байлаған және сендерге килігуді алғаш рет бастаған бір елмен неге соғыспайсыңдар? Олардан қорқасыңдар ма? Егер иман келтірген болсаңдар, қорқуларыңа Алла тағала лайығырақ. info
التفاسير: