قۇرئان كەرىم مەنىلىرىنىڭ تەرجىمىسى - قازاقچە تەرجىمىسى - ئالتاي خەلىپىسى

بەت نومۇرى:close

external-link copy
55 : 9

فَلَا تُعۡجِبۡكَ أَمۡوَٰلُهُمۡ وَلَآ أَوۡلَٰدُهُمۡۚ إِنَّمَا يُرِيدُ ٱللَّهُ لِيُعَذِّبَهُم بِهَا فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَتَزۡهَقَ أَنفُسُهُمۡ وَهُمۡ كَٰفِرُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) онда сені олардың малдары, балалары таныртқатпасын. Шынында Алла, ол арқылы оларды дүние тіршілігінде азаптауды және қарсы болған бойда олардың жандарының шығуын қалайды. info
التفاسير:

external-link copy
56 : 9

وَيَحۡلِفُونَ بِٱللَّهِ إِنَّهُمۡ لَمِنكُمۡ وَمَا هُم مِّنكُمۡ وَلَٰكِنَّهُمۡ قَوۡمٞ يَفۡرَقُونَ

Олар: «Рас біз де сендерденбіз» деп Алланың атымен ант ішеді. Негізінде олар, сендерден емес. Бірақ олар қорқақ халық. info
التفاسير:

external-link copy
57 : 9

لَوۡ يَجِدُونَ مَلۡجَـًٔا أَوۡ مَغَٰرَٰتٍ أَوۡ مُدَّخَلٗا لَّوَلَّوۡاْ إِلَيۡهِ وَهُمۡ يَجۡمَحُونَ

Егер олар бір пана тапса, немесе үңгірдер, не бір кірерге тесік тапса, әрине олар, солай бұрылып ұмтылар еді. info
التفاسير:

external-link copy
58 : 9

وَمِنۡهُم مَّن يَلۡمِزُكَ فِي ٱلصَّدَقَٰتِ فَإِنۡ أُعۡطُواْ مِنۡهَا رَضُواْ وَإِن لَّمۡ يُعۡطَوۡاْ مِنۡهَآ إِذَا هُمۡ يَسۡخَطُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың кейбіреуі садақалар жайында сені сөгеді. Оларға одан берілсе разы болып, егер оларға одан берілмесе онда олар ыза болады. info
التفاسير:

external-link copy
59 : 9

وَلَوۡ أَنَّهُمۡ رَضُواْ مَآ ءَاتَىٰهُمُ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ وَقَالُواْ حَسۡبُنَا ٱللَّهُ سَيُؤۡتِينَا ٱللَّهُ مِن فَضۡلِهِۦ وَرَسُولُهُۥٓ إِنَّآ إِلَى ٱللَّهِ رَٰغِبُونَ

Егер олар рас Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және: «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге мәрхаметімен береді. Расында біз Аллаға ынтықбыз» десе еді. info
التفاسير:

external-link copy
60 : 9

۞ إِنَّمَا ٱلصَّدَقَٰتُ لِلۡفُقَرَآءِ وَٱلۡمَسَٰكِينِ وَٱلۡعَٰمِلِينَ عَلَيۡهَا وَٱلۡمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمۡ وَفِي ٱلرِّقَابِ وَٱلۡغَٰرِمِينَ وَفِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱبۡنِ ٱلسَّبِيلِۖ فَرِيضَةٗ مِّنَ ٱللَّهِۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ

Шын мәнінде садақалар (зекеттер), Алла тарапынан бір парыз: Қолы тар пақырларға, түгі жоқ міскіндерге, оны жинауға белгілегендерге, көңілдері алынатын (жаңа Мұсылман) дарға, құлды азат етуге, борыштыларға, Алла жолына және жолда қалғандарға беріледі. Алла әр нәрсені білуші, хикмет иесі. info
التفاسير:

external-link copy
61 : 9

وَمِنۡهُمُ ٱلَّذِينَ يُؤۡذُونَ ٱلنَّبِيَّ وَيَقُولُونَ هُوَ أُذُنٞۚ قُلۡ أُذُنُ خَيۡرٖ لَّكُمۡ يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ وَيُؤۡمِنُ لِلۡمُؤۡمِنِينَ وَرَحۡمَةٞ لِّلَّذِينَ ءَامَنُواْ مِنكُمۡۚ وَٱلَّذِينَ يُؤۡذُونَ رَسُولَ ٱللَّهِ لَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

Олардың кейбіреуі Пайғамбарға: «Ол бір құлақ (не болса соны тыңдайды)» деп жапа береді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Ол сендер үшін хайырлы бір құлақ Аллаға иман келтіреді де Мұсылмандарға сенеді. Сондай-ақ сендерден иман келтіргендер үшін бір рақмет. Алалның Елшісіне жапа бергендерге күйзелтуші азап бар» info
التفاسير: