Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Puslapio numeris:close

external-link copy
238 : 2

حَٰفِظُواْ عَلَى ٱلصَّلَوَٰتِ وَٱلصَّلَوٰةِ ٱلۡوُسۡطَىٰ وَقُومُواْ لِلَّهِ قَٰنِتِينَ

Намаздарға ондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
239 : 2

فَإِنۡ خِفۡتُمۡ فَرِجَالًا أَوۡ رُكۡبَانٗاۖ فَإِذَآ أَمِنتُمۡ فَٱذۡكُرُواْ ٱللَّهَ كَمَا عَلَّمَكُم مَّا لَمۡ تَكُونُواْ تَعۡلَمُونَ

Ал егер қауіп- қатер де болсаңдар, жаяу немесе көлікте (бет алған жаққа ишарамен оқыңдар.) Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей Алла (Т.) ны зікір етіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
240 : 2

وَٱلَّذِينَ يُتَوَفَّوۡنَ مِنكُمۡ وَيَذَرُونَ أَزۡوَٰجٗا وَصِيَّةٗ لِّأَزۡوَٰجِهِم مَّتَٰعًا إِلَى ٱلۡحَوۡلِ غَيۡرَ إِخۡرَاجٖۚ فَإِنۡ خَرَجۡنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيۡكُمۡ فِي مَا فَعَلۡنَ فِيٓ أَنفُسِهِنَّ مِن مَّعۡرُوفٖۗ وَٱللَّهُ عَزِيزٌ حَكِيمٞ

Қайтыс болып, әйелдер қалдыратыңдар; әйелдерің бір жылға дейін (үйлерінен) шығарылмай қамдалуларын өсиет етсін. Егер өздері шығып олардың өздеріне байланысты дұрыс істеулерінде сендерге бір жауапкершілік жоқ. Алла (Т.) аса үстем, хикмет иесі (Бұл үкім 234. Аят бойынша мәнсұх.) info
التفاسير:

external-link copy
241 : 2

وَلِلۡمُطَلَّقَٰتِ مَتَٰعُۢ بِٱلۡمَعۡرُوفِۖ حَقًّا عَلَى ٱلۡمُتَّقِينَ

Ал ажыратылған әйелдердің де тиісті қамдалулары тақуалар үшін бір міндет. info
التفاسير:

external-link copy
242 : 2

كَذَٰلِكَ يُبَيِّنُ ٱللَّهُ لَكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ لَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ

Алла (Т.) түсінулерің үшін сендерге аяттарын осылайша баян етеді. (Израил ұрпақтарына, соғыс әмірі келгенде, өлімнен қорқып, үйлерін тастап қашса да өлімнен құтылмайды.) info
التفاسير:

external-link copy
243 : 2

۞ أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ خَرَجُواْ مِن دِيَٰرِهِمۡ وَهُمۡ أُلُوفٌ حَذَرَ ٱلۡمَوۡتِ فَقَالَ لَهُمُ ٱللَّهُ مُوتُواْ ثُمَّ أَحۡيَٰهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَذُو فَضۡلٍ عَلَى ٱلنَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَشۡكُرُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) ол мыңдағандардың өлімнен қорқып, жұрттарынан шыққандарын көрмейсің бе? Алла оларға: «Өліңдер» деді. Соңсоң оларды тірілтті. Күдіксіз Алла адамдарға кеңшілік иесі. Дегенмен адамдардың көбі шүкірлік қылмайды. info
التفاسير:

external-link copy
244 : 2

وَقَٰتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٞ

Алла жолында соғысыңдар әрі біліңдер. Алла толық естуші. info
التفاسير:

external-link copy
245 : 2

مَّن ذَا ٱلَّذِي يُقۡرِضُ ٱللَّهَ قَرۡضًا حَسَنٗا فَيُضَٰعِفَهُۥ لَهُۥٓ أَضۡعَافٗا كَثِيرَةٗۚ وَٱللَّهُ يَقۡبِضُ وَيَبۡصُۜطُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ

Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар. info
التفاسير: