Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Puslapio numeris:close

external-link copy
142 : 2

۞ سَيَقُولُ ٱلسُّفَهَآءُ مِنَ ٱلنَّاسِ مَا وَلَّىٰهُمۡ عَن قِبۡلَتِهِمُ ٱلَّتِي كَانُواْ عَلَيۡهَاۚ قُل لِّلَّهِ ٱلۡمَشۡرِقُ وَٱلۡمَغۡرِبُۚ يَهۡدِي مَن يَشَآءُ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ

(Мұхаммед Ғ.С. Медине қаласына көшіп келгеннен кейін намазды бір жарым жылға жақын «Месжід Ақса» жаққа қарап оқып, әр уақыт қыбланың «Қағба» болуын арман ететін еді. Ақыр бір күні Алланың әмірі бойынша «Қағба» жаққа қарап намаз оқыла бастағанда, ел арасында әр түрлі күңкіл болады…) Адамдардың кейбір ақымақтары: «Оларды, қарап тұрған қыбласынан не нәрсе бұрды?»,- дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Шығыс та батыс та Аллаға тән. ол, қалағанын тура жолға салады » де. info
التفاسير:

external-link copy
143 : 2

وَكَذَٰلِكَ جَعَلۡنَٰكُمۡ أُمَّةٗ وَسَطٗا لِّتَكُونُواْ شُهَدَآءَ عَلَى ٱلنَّاسِ وَيَكُونَ ٱلرَّسُولُ عَلَيۡكُمۡ شَهِيدٗاۗ وَمَا جَعَلۡنَا ٱلۡقِبۡلَةَ ٱلَّتِي كُنتَ عَلَيۡهَآ إِلَّا لِنَعۡلَمَ مَن يَتَّبِعُ ٱلرَّسُولَ مِمَّن يَنقَلِبُ عَلَىٰ عَقِبَيۡهِۚ وَإِن كَانَتۡ لَكَبِيرَةً إِلَّا عَلَى ٱلَّذِينَ هَدَى ٱللَّهُۗ وَمَا كَانَ ٱللَّهُ لِيُضِيعَ إِيمَٰنَكُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ بِٱلنَّاسِ لَرَءُوفٞ رَّحِيمٞ

Осылайша сендерді (артық, кемсіз)орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді. info
التفاسير:

external-link copy
144 : 2

قَدۡ نَرَىٰ تَقَلُّبَ وَجۡهِكَ فِي ٱلسَّمَآءِۖ فَلَنُوَلِّيَنَّكَ قِبۡلَةٗ تَرۡضَىٰهَاۚ فَوَلِّ وَجۡهَكَ شَطۡرَ ٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِۚ وَحَيۡثُ مَا كُنتُمۡ فَوَلُّواْ وُجُوهَكُمۡ شَطۡرَهُۥۗ وَإِنَّ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ لَيَعۡلَمُونَ أَنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡۗ وَمَا ٱللَّهُ بِغَٰفِلٍ عَمَّا يَعۡمَلُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) жүзіңнің көкке жөнелгенін көреміз. Сондықтан өзің разы болған қыблаға айналдырамыз. Енді жүзіңді «Месжід Харам» жаққа бұр. (Мүміндер) қай жерде болсаңдар да: Жүздеріңді сол жаққа жөнеетіңдер. Расында өздеріне кітап берілгендер, негізінен қыбланың ауысуын Раббыларынан бір шындық екенін біледі. Алла олардың істегендерінен ғапыл емес. info
التفاسير:

external-link copy
145 : 2

وَلَئِنۡ أَتَيۡتَ ٱلَّذِينَ أُوتُواْ ٱلۡكِتَٰبَ بِكُلِّ ءَايَةٖ مَّا تَبِعُواْ قِبۡلَتَكَۚ وَمَآ أَنتَ بِتَابِعٖ قِبۡلَتَهُمۡۚ وَمَا بَعۡضُهُم بِتَابِعٖ قِبۡلَةَ بَعۡضٖۚ وَلَئِنِ ٱتَّبَعۡتَ أَهۡوَآءَهُم مِّنۢ بَعۡدِ مَا جَآءَكَ مِنَ ٱلۡعِلۡمِ إِنَّكَ إِذٗا لَّمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың қыбласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің қыблаларына ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың. info
التفاسير: