Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Puslapio numeris:close

external-link copy
106 : 2

۞ مَا نَنسَخۡ مِنۡ ءَايَةٍ أَوۡ نُنسِهَا نَأۡتِ بِخَيۡرٖ مِّنۡهَآ أَوۡ مِثۡلِهَآۗ أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٌ

Бір аятты ауыстырсақ немесе ұмыттырсақ одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз. Әрине Алла (Т.) ның әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе? info
التفاسير:

external-link copy
107 : 2

أَلَمۡ تَعۡلَمۡ أَنَّ ٱللَّهَ لَهُۥ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِۗ وَمَا لَكُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٍ

білмедің бе? Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. сендер үшін Алладан өзге не дос, не жәрдемші жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
108 : 2

أَمۡ تُرِيدُونَ أَن تَسۡـَٔلُواْ رَسُولَكُمۡ كَمَا سُئِلَ مُوسَىٰ مِن قَبۡلُۗ وَمَن يَتَبَدَّلِ ٱلۡكُفۡرَ بِٱلۡإِيمَٰنِ فَقَدۡ ضَلَّ سَوَآءَ ٱلسَّبِيلِ

Немесе пайғамбарларыңнан, бұрыңғы Мұса (Ғ.С.) дан сұралған тәрізді (жоқтан өзгені) сұрағыларың келе ме? Кім иманын қарсылыққа ауырстырса, расында ол тура жолдан адасқан болады. info
التفاسير:

external-link copy
109 : 2

وَدَّ كَثِيرٞ مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ لَوۡ يَرُدُّونَكُم مِّنۢ بَعۡدِ إِيمَٰنِكُمۡ كُفَّارًا حَسَدٗا مِّنۡ عِندِ أَنفُسِهِم مِّنۢ بَعۡدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمُ ٱلۡحَقُّۖ فَٱعۡفُواْ وَٱصۡفَحُواْ حَتَّىٰ يَأۡتِيَ ٱللَّهُ بِأَمۡرِهِۦٓۗ إِنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ

Кітап иелерінің көбі, оларға шындық айқын болғаннан кейін өз күншілдіктерінінен сендерді иманнан кейін қарсылыққа қайтаруды қалайды. Алла бір әмірін келтіргенге дейін, оларды кешіріңдер, елемеңдер. Күдіксіз Алланың әр нәрсеге күші толық жетеді. info
التفاسير:

external-link copy
110 : 2

وَأَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَءَاتُواْ ٱلزَّكَوٰةَۚ وَمَا تُقَدِّمُواْ لِأَنفُسِكُم مِّنۡ خَيۡرٖ تَجِدُوهُ عِندَ ٱللَّهِۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرٞ

Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер. өздерің үшін ілгері бір жақсылық жолдасаңдар, оны алланың қасында табасыңдар. Шынында Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші. info
التفاسير:

external-link copy
111 : 2

وَقَالُواْ لَن يَدۡخُلَ ٱلۡجَنَّةَ إِلَّا مَن كَانَ هُودًا أَوۡ نَصَٰرَىٰۗ تِلۡكَ أَمَانِيُّهُمۡۗ قُلۡ هَاتُواْ بُرۡهَٰنَكُمۡ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

Олар: «Үжмаққа Яһуди немесе Христиан ғана кіреді» деді. Бұл олардың өз ойлары ғана. (Мұхаммед Ғ.С.) : «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер» де. info
التفاسير:

external-link copy
112 : 2

بَلَىٰۚ مَنۡ أَسۡلَمَ وَجۡهَهُۥ لِلَّهِ وَهُوَ مُحۡسِنٞ فَلَهُۥٓ أَجۡرُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦ وَلَا خَوۡفٌ عَلَيۡهِمۡ وَلَا هُمۡ يَحۡزَنُونَ

Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық істейтін болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды. info
التفاسير: