Prijevod značenja časnog Kur'ana - Kazaški prijevod - Halifa Altaj

Broj stranice:close

external-link copy
24 : 5

قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِنَّا لَن نَّدۡخُلَهَآ أَبَدٗا مَّا دَامُواْ فِيهَا فَٱذۡهَبۡ أَنتَ وَرَبُّكَ فَقَٰتِلَآ إِنَّا هَٰهُنَا قَٰعِدُونَ

Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз.Өзің және Раббың барып соғыссыңдар.Әрине біз мұнда отырамыз» деді. (24)(Мұса Ғ.С): «Раббым! Мен өзіме,туысыма ғана ие бола аламын.Бұзақы елден арамызды ажырата көр!» деді. info
التفاسير:

external-link copy
25 : 5

قَالَ رَبِّ إِنِّي لَآ أَمۡلِكُ إِلَّا نَفۡسِي وَأَخِيۖ فَٱفۡرُقۡ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡفَٰسِقِينَ

(Мұса Ғ.С): «Раббым! Мен өзіме,туысыма ғана ие бола аламын.Бұзақы елден арамызды ажырата көр!» деді. info
التفاسير:

external-link copy
26 : 5

قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيۡهِمۡۛ أَرۡبَعِينَ سَنَةٗۛ يَتِيهُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ فَلَا تَأۡسَ عَلَى ٱلۡقَوۡمِ ٱلۡفَٰسِقِينَ

)(Алла Т.): «Енді оларға,ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды.Олар сол жерде абыржып жүреді.Онда бұзақы елге қайғырма»деді. info
التفاسير:

external-link copy
27 : 5

۞ وَٱتۡلُ عَلَيۡهِمۡ نَبَأَ ٱبۡنَيۡ ءَادَمَ بِٱلۡحَقِّ إِذۡ قَرَّبَا قُرۡبَانٗا فَتُقُبِّلَ مِنۡ أَحَدِهِمَا وَلَمۡ يُتَقَبَّلۡ مِنَ ٱلۡأٓخَرِ قَالَ لَأَقۡتُلَنَّكَۖ قَالَ إِنَّمَا يَتَقَبَّلُ ٱللَّهُ مِنَ ٱلۡمُتَّقِينَ

(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді. info
التفاسير:

external-link copy
28 : 5

لَئِنۢ بَسَطتَ إِلَيَّ يَدَكَ لِتَقۡتُلَنِي مَآ أَنَا۠ بِبَاسِطٖ يَدِيَ إِلَيۡكَ لِأَقۡتُلَكَۖ إِنِّيٓ أَخَافُ ٱللَّهَ رَبَّ ٱلۡعَٰلَمِينَ

«Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да,мен сені өлтіру үшін қол созбаймын.Күдіксіз мен әлемдердің Раббы Алладан қорқамын!» info
التفاسير:

external-link copy
29 : 5

إِنِّيٓ أُرِيدُ أَن تَبُوٓأَ بِإِثۡمِي وَإِثۡمِكَ فَتَكُونَ مِنۡ أَصۡحَٰبِ ٱلنَّارِۚ وَذَٰلِكَ جَزَٰٓؤُاْ ٱلظَّٰلِمِينَ

«Сөзсіз мен,сенің өз күнәңмен менің күнәмді жүктеп,тозақтық болуды қаламаймын.Осы,залымдардың жазасы,» info
التفاسير:

external-link copy
30 : 5

فَطَوَّعَتۡ لَهُۥ نَفۡسُهُۥ قَتۡلَ أَخِيهِ فَقَتَلَهُۥ فَأَصۡبَحَ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ

Сонда оның нәпсісі,туысын өлтіруге қызықтырды да ол,оны өлтіріп, зиянға ұшыраушылардан болды. (Адам Ғ.С егіз ұлқыздарды ауыстырып үйлендіреді екен.Бірақ Қабыл өз сыңарымды аламын деп,һабыл екеуі сеттесіп құрбан шалғанда құрбаны қабылданбаған Қабыл,Һабылды өлтіріп,қайтерін білмей жүргенде Құдіретінше екі қарға таласып бірін бірі өлтіріп көмгенін көріп,көмеді.Б.М.Р.К.т.б) info
التفاسير:

external-link copy
31 : 5

فَبَعَثَ ٱللَّهُ غُرَابٗا يَبۡحَثُ فِي ٱلۡأَرۡضِ لِيُرِيَهُۥ كَيۡفَ يُوَٰرِي سَوۡءَةَ أَخِيهِۚ قَالَ يَٰوَيۡلَتَىٰٓ أَعَجَزۡتُ أَنۡ أَكُونَ مِثۡلَ هَٰذَا ٱلۡغُرَابِ فَأُوَٰرِيَ سَوۡءَةَ أَخِيۖ فَأَصۡبَحَ مِنَ ٱلنَّٰدِمِينَ

Сонда Алла,оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға,жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды?Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?»,-деді де,өкінушілерден болды. info
التفاسير: