Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз.Өзің және Раббың барып соғыссыңдар.Әрине біз мұнда отырамыз» деді. (24)(Мұса Ғ.С): «Раббым! Мен өзіме,туысыма ғана ие бола аламын.Бұзақы елден арамызды ажырата көр!» деді.
(Мұхаммед Ғ.С) оларға Адам (Ғ.С) ның екі ұлының әңгімесін шынайы түрде оқы: «Сол уақытта екеуі Аллаға жақындық үшін құрбан шалған еді.Сонда біреуінен қабылданып,екіншісінен қабылданбаған еді.» (Құрбаны қабылданбаған Қабыл) : «Әлбетте мен сенді өлтіремін»деді.Сонда (һабыл): «Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді»деді.
Сонда Алла,оған туысының өлігін жасыруын көрсетуі үшін жіберген қарға,жерді қаза бастағанда: «Әттең! Маған не болды?Туысының денесін көмген қарға құрлы бола алмадым ба?»,-деді де,өкінушілерден болды.