Prijevod značenja časnog Kur'ana - Kazaški prijevod - Halifa Altaj

Broj stranice:close

external-link copy
14 : 5

وَمِنَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓاْ إِنَّا نَصَٰرَىٰٓ أَخَذۡنَا مِيثَٰقَهُمۡ فَنَسُواْ حَظّٗا مِّمَّا ذُكِّرُواْ بِهِۦ فَأَغۡرَيۡنَا بَيۡنَهُمُ ٱلۡعَدَاوَةَ وَٱلۡبَغۡضَآءَ إِلَىٰ يَوۡمِ ٱلۡقِيَٰمَةِۚ وَسَوۡفَ يُنَبِّئُهُمُ ٱللَّهُ بِمَا كَانُواْ يَصۡنَعُونَ

Және «Христианбыз» дегендерден де серт алған едік. Дегенмен олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Және Алла (Т.) оларға не істегендерінің хабарын тез береді. info
التفاسير:

external-link copy
15 : 5

يَٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ قَدۡ جَآءَكُمۡ رَسُولُنَا يُبَيِّنُ لَكُمۡ كَثِيرٗا مِّمَّا كُنتُمۡ تُخۡفُونَ مِنَ ٱلۡكِتَٰبِ وَيَعۡفُواْ عَن كَثِيرٖۚ قَدۡ جَآءَكُم مِّنَ ٱللَّهِ نُورٞ وَكِتَٰبٞ مُّبِينٞ

Әй Кітап иелері! Сендерге кітаптан жасырған нәрселеріңнің көбін ашық түсіндіретін және көбірегінен елемей өтіп кететін Елшіміз келді. Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді. info
التفاسير:

external-link copy
16 : 5

يَهۡدِي بِهِ ٱللَّهُ مَنِ ٱتَّبَعَ رِضۡوَٰنَهُۥ سُبُلَ ٱلسَّلَٰمِ وَيُخۡرِجُهُم مِّنَ ٱلظُّلُمَٰتِ إِلَى ٱلنُّورِ بِإِذۡنِهِۦ وَيَهۡدِيهِمۡ إِلَىٰ صِرَٰطٖ مُّسۡتَقِيمٖ

Алла (Т.) кім өз ризасына үйлессе, сол кітап арқылы есендік жолдарына салады және өз нұсқауымен қараңғылықтардан жарыққа шығарып тұп- тура жолға салады. info
التفاسير:

external-link copy
17 : 5

لَّقَدۡ كَفَرَ ٱلَّذِينَ قَالُوٓاْ إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلۡمَسِيحُ ٱبۡنُ مَرۡيَمَۚ قُلۡ فَمَن يَمۡلِكُ مِنَ ٱللَّهِ شَيۡـًٔا إِنۡ أَرَادَ أَن يُهۡلِكَ ٱلۡمَسِيحَ ٱبۡنَ مَرۡيَمَ وَأُمَّهُۥ وَمَن فِي ٱلۡأَرۡضِ جَمِيعٗاۗ وَلِلَّهِ مُلۡكُ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَمَا بَيۡنَهُمَاۚ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ قَدِيرٞ

Расында: «Алланы, Мәрйем ұлы мәсих» дегендер кәпір Болды. «Егер Алла, Мәрйем ұлы Мәсихты және оның шешесін де, тіпті жер жүзіндегі біртұтас жан иесін жоқ етуді қаласа, Алладан құтқаруға кім ие?»,- де. Көктер мен жердің және екеуінің арасындағылардың иелігі Аллаға тән. ол қалағанын жаратады әрі Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші. info
التفاسير: