Bản dịch ý nghĩa nội dung Qur'an - 哈萨克语翻译 - 哈里发·艾力塔

Số trang:close

external-link copy
78 : 40

وَلَقَدۡ أَرۡسَلۡنَا رُسُلٗا مِّن قَبۡلِكَ مِنۡهُم مَّن قَصَصۡنَا عَلَيۡكَ وَمِنۡهُم مَّن لَّمۡ نَقۡصُصۡ عَلَيۡكَۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأۡتِيَ بِـَٔايَةٍ إِلَّا بِإِذۡنِ ٱللَّهِۚ فَإِذَا جَآءَ أَمۡرُ ٱللَّهِ قُضِيَ بِٱلۡحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡمُبۡطِلُونَ

Расында сенен бұрында елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұхсаты болмайынша бір мүғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, хақиқат бойынша үкім етіледі. Бүл жерде бұзақылар зиянға ұшырайды. info
التفاسير:

external-link copy
79 : 40

ٱللَّهُ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَنۡعَٰمَ لِتَرۡكَبُواْ مِنۡهَا وَمِنۡهَا تَأۡكُلُونَ

Ол сондай Алла, Сендер үшін малдарды жаратты. Кейбірін мінесіңдер де кейбірін жейсіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
80 : 40

وَلَكُمۡ فِيهَا مَنَٰفِعُ وَلِتَبۡلُغُواْ عَلَيۡهَا حَاجَةٗ فِي صُدُورِكُمۡ وَعَلَيۡهَا وَعَلَى ٱلۡفُلۡكِ تُحۡمَلُونَ

Оларда сендерге түрлі пайдалар бар. Олардың үстінде көңілдеріңдегі хажетті жерге жетулерің тшін; оларға мініп және кемеде тасымалданасыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
81 : 40

وَيُرِيكُمۡ ءَايَٰتِهِۦ فَأَيَّ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ تُنكِرُونَ

Алла сендерге белгілерін көрсетеді. Ал сонда Алланың қайсы белгілеріне қарсы келесіңдер? info
التفاسير:

external-link copy
82 : 40

أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۚ كَانُوٓاْ أَكۡثَرَ مِنۡهُمۡ وَأَشَدَّ قُوَّةٗ وَءَاثَارٗا فِي ٱلۡأَرۡضِ فَمَآ أَغۡنَىٰ عَنۡهُم مَّا كَانُواْ يَكۡسِبُونَ

Олар жер жүзінде кезбеді ме? Сонда өздерінен бұрынғылардың соңының не болғанын көрер еді. Олар, бұлардан көп және күшті әрі жер жүзінде қалдырғаң деректері мықты еді. Сонда да табыстары олардың істеріне жарамады. info
التفاسير:

external-link copy
83 : 40

فَلَمَّا جَآءَتۡهُمۡ رُسُلُهُم بِٱلۡبَيِّنَٰتِ فَرِحُواْ بِمَا عِندَهُم مِّنَ ٱلۡعِلۡمِ وَحَاقَ بِهِم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ

Өйткені оларға, елшілері, мүғжизалармен келгенде, өз қастарындағы білімге мардамсыды да ажыуалаған нәрселері бастарына жетті. info
التفاسير:

external-link copy
84 : 40

فَلَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَا قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِٱللَّهِ وَحۡدَهُۥ وَكَفَرۡنَا بِمَا كُنَّا بِهِۦ مُشۡرِكِينَ

Ал енді азабымызды көргенде: "Жалғыз ғана Аллаға сендік. Сондай-ақ Оған ортақ қосқан нәрселерімізге қарсы келдік" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
85 : 40

فَلَمۡ يَكُ يَنفَعُهُمۡ إِيمَٰنُهُمۡ لَمَّا رَأَوۡاْ بَأۡسَنَاۖ سُنَّتَ ٱللَّهِ ٱلَّتِي قَدۡ خَلَتۡ فِي عِبَادِهِۦۖ وَخَسِرَ هُنَالِكَ ٱلۡكَٰفِرُونَ

Бірақ, азабымызды көргендегі сенімдері оларға пайда бермейді. Өйткені, Алланың құлдарына байланысты болып, келе жатқан жолы осы. Бұл жерде кәпірлер зиян көреді. info
التفاسير: