Përkthimi i kuptimeve të Kuranit Fisnik - Përkthimi kazakisht - Khalife Altaj

Numri i faqes:close

external-link copy
73 : 9

يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِيُّ جَٰهِدِ ٱلۡكُفَّارَ وَٱلۡمُنَٰفِقِينَ وَٱغۡلُظۡ عَلَيۡهِمۡۚ وَمَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَبِئۡسَ ٱلۡمَصِيرُ

Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ, қайтып барар орны қандай жаман. info
التفاسير:

external-link copy
74 : 9

يَحۡلِفُونَ بِٱللَّهِ مَا قَالُواْ وَلَقَدۡ قَالُواْ كَلِمَةَ ٱلۡكُفۡرِ وَكَفَرُواْ بَعۡدَ إِسۡلَٰمِهِمۡ وَهَمُّواْ بِمَا لَمۡ يَنَالُواْۚ وَمَا نَقَمُوٓاْ إِلَّآ أَنۡ أَغۡنَىٰهُمُ ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥ مِن فَضۡلِهِۦۚ فَإِن يَتُوبُواْ يَكُ خَيۡرٗا لَّهُمۡۖ وَإِن يَتَوَلَّوۡاْ يُعَذِّبۡهُمُ ٱللَّهُ عَذَابًا أَلِيمٗا فِي ٱلدُّنۡيَا وَٱلۡأٓخِرَةِۚ وَمَا لَهُمۡ فِي ٱلۡأَرۡضِ مِن وَلِيّٖ وَلَا نَصِيرٖ

Олар: «Айтпадық» деп Алланың атымен ант ішеді. Расында олар қарсылық сөз айтқан болатын. Сондай-ақ олар Мұсылман болғаннан кейін кәпір болды. Тағы олар, бойдары жетпейтін нәрседен ой қылды. (Тәбүк соғысынан қайтқанда мұнафықтар Пайғамбар (Ғ.С.) дың түйесін түнде шұңқырға түсіруге тырысады.) Олар Алланы және Елшісін мәрхаметімен байытқандығы үшін ғана міндейді. (Шүкірсіздік етеді.) Егер олар тәубе қылса, өздері үшін жақсы. Ал егер олар жалтарса, Алла оларды дүние, ахиретте азапқа ұшыратады. Сондай-ақ оларға жер жүзінде не дос не жәрдемші жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
75 : 9

۞ وَمِنۡهُم مَّنۡ عَٰهَدَ ٱللَّهَ لَئِنۡ ءَاتَىٰنَا مِن فَضۡلِهِۦ لَنَصَّدَّقَنَّ وَلَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَ

Тағы олардан біреулер: «Егер Алла, бізге өз кеңшілігінен мал берсе, әрине садақа беріп, игілерден болар едік» деп Аллаға серт берді. info
التفاسير:

external-link copy
76 : 9

فَلَمَّآ ءَاتَىٰهُم مِّن فَضۡلِهِۦ بَخِلُواْ بِهِۦ وَتَوَلَّواْ وَّهُم مُّعۡرِضُونَ

Сонда Алла оған өз ілтипатымен берген кезде, Оның бергеніне сараңдық қылды. Сөзінен айныды. Олар негізінен жалтақойлар. info
التفاسير:

external-link copy
77 : 9

فَأَعۡقَبَهُمۡ نِفَاقٗا فِي قُلُوبِهِمۡ إِلَىٰ يَوۡمِ يَلۡقَوۡنَهُۥ بِمَآ أَخۡلَفُواْ ٱللَّهَ مَا وَعَدُوهُ وَبِمَا كَانُواْ يَكۡذِبُونَ

Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып, қояды. info
التفاسير:

external-link copy
78 : 9

أَلَمۡ يَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ يَعۡلَمُ سِرَّهُمۡ وَنَجۡوَىٰهُمۡ وَأَنَّ ٱللَّهَ عَلَّٰمُ ٱلۡغُيُوبِ

Олар сырлары мен сыбырларын Алланың анық білетіндігін білмеді ме? Шынайы түрде Алла (Т.) көместерді толық біледі. info
التفاسير:

external-link copy
79 : 9

ٱلَّذِينَ يَلۡمِزُونَ ٱلۡمُطَّوِّعِينَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ فِي ٱلصَّدَقَٰتِ وَٱلَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهۡدَهُمۡ فَيَسۡخَرُونَ مِنۡهُمۡ سَخِرَ ٱللَّهُ مِنۡهُمۡ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٌ

Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, тәлкектегендерді, Алла мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар. info
التفاسير: