Përkthimi i kuptimeve të Kuranit Fisnik - Përkthimi kazakisht - Khalife Altaj

Numri i faqes:close

external-link copy
36 : 21

وَإِذَا رَءَاكَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا ٱلَّذِي يَذۡكُرُ ءَالِهَتَكُمۡ وَهُم بِذِكۡرِ ٱلرَّحۡمَٰنِ هُمۡ كَٰفِرُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: "Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?",- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы. info
التفاسير:

external-link copy
37 : 21

خُلِقَ ٱلۡإِنسَٰنُ مِنۡ عَجَلٖۚ سَأُوْرِيكُمۡ ءَايَٰتِي فَلَا تَسۡتَعۡجِلُونِ

Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер. info
التفاسير:

external-link copy
38 : 21

وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

Олар: "Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?",- дейді. info
التفاسير:

external-link copy
39 : 21

لَوۡ يَعۡلَمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ حِينَ لَا يَكُفُّونَ عَن وُجُوهِهِمُ ٱلنَّارَ وَلَا عَن ظُهُورِهِمۡ وَلَا هُمۡ يُنصَرُونَ

Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді. info
التفاسير:

external-link copy
40 : 21

بَلۡ تَأۡتِيهِم بَغۡتَةٗ فَتَبۡهَتُهُمۡ فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمۡ يُنظَرُونَ

Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрса да берілмейді. info
التفاسير:

external-link copy
41 : 21

وَلَقَدِ ٱسۡتُهۡزِئَ بِرُسُلٖ مِّن قَبۡلِكَ فَحَاقَ بِٱلَّذِينَ سَخِرُواْ مِنۡهُم مَّا كَانُواْ بِهِۦ يَسۡتَهۡزِءُونَ

Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен. info
التفاسير:

external-link copy
42 : 21

قُلۡ مَن يَكۡلَؤُكُم بِٱلَّيۡلِ وَٱلنَّهَارِ مِنَ ٱلرَّحۡمَٰنِۚ بَلۡ هُمۡ عَن ذِكۡرِ رَبِّهِم مُّعۡرِضُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?",- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда. info
التفاسير:

external-link copy
43 : 21

أَمۡ لَهُمۡ ءَالِهَةٞ تَمۡنَعُهُم مِّن دُونِنَاۚ لَا يَسۡتَطِيعُونَ نَصۡرَ أَنفُسِهِمۡ وَلَا هُم مِّنَّا يُصۡحَبُونَ

Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды. info
التفاسير:

external-link copy
44 : 21

بَلۡ مَتَّعۡنَا هَٰٓؤُلَآءِ وَءَابَآءَهُمۡ حَتَّىٰ طَالَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡعُمُرُۗ أَفَلَا يَرَوۡنَ أَنَّا نَأۡتِي ٱلۡأَرۡضَ نَنقُصُهَا مِنۡ أَطۡرَافِهَآۚ أَفَهُمُ ٱلۡغَٰلِبُونَ

Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткенімізді көрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма? info
التفاسير: