Fassarar Ma'anonin Alqura'ni - Fassara a yaren Khazakiyaci - Khalifa al-Ɗay

Lambar shafi:close

external-link copy
100 : 9

وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلۡأَوَّلُونَ مِنَ ٱلۡمُهَٰجِرِينَ وَٱلۡأَنصَارِ وَٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُم بِإِحۡسَٰنٖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُ وَأَعَدَّ لَهُمۡ جَنَّٰتٖ تَجۡرِي تَحۡتَهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَآ أَبَدٗاۚ ذَٰلِكَ ٱلۡفَوۡزُ ٱلۡعَظِيمُ

Мұћажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендер және жақсылықта оларға ергендерден Алла разы болды. Әрі олар да Алладан разы болды. Сондай-ақ Алла, олар үшін мәңгі қалатын, астарынан өзендер ағатын жәннәтер әзірледі. Осы ірі мұрат. info
التفاسير:

external-link copy
101 : 9

وَمِمَّنۡ حَوۡلَكُم مِّنَ ٱلۡأَعۡرَابِ مُنَٰفِقُونَۖ وَمِنۡ أَهۡلِ ٱلۡمَدِينَةِ مَرَدُواْ عَلَى ٱلنِّفَاقِ لَا تَعۡلَمُهُمۡۖ نَحۡنُ نَعۡلَمُهُمۡۚ سَنُعَذِّبُهُم مَّرَّتَيۡنِ ثُمَّ يُرَدُّونَ إِلَىٰ عَذَابٍ عَظِيمٖ

Араларындағы бәдеуилерден екі жүзді кісілер бар. Сондай-ақ Мединеліктерден де екі жүзділікте сірескендер бар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларды білмейсіңдер, оларды біз білеміз. Оларды екі рет азап қыламыз. Сонан соң олар зор азапқа айдалады. info
التفاسير:

external-link copy
102 : 9

وَءَاخَرُونَ ٱعۡتَرَفُواْ بِذُنُوبِهِمۡ خَلَطُواْ عَمَلٗا صَٰلِحٗا وَءَاخَرَ سَيِّئًا عَسَى ٱللَّهُ أَن يَتُوبَ عَلَيۡهِمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ غَفُورٞ رَّحِيمٌ

Басқа біреулер күнәларын мойындады. Бірақ олар, түзу істі басқа жаман іспен араластырады. Алла олардың тәубелерін бәлкім қабыл етер. Расында Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (102-106 аяттар 118. Аятқа байланысты.) info
التفاسير:

external-link copy
103 : 9

خُذۡ مِنۡ أَمۡوَٰلِهِمۡ صَدَقَةٗ تُطَهِّرُهُمۡ وَتُزَكِّيهِم بِهَا وَصَلِّ عَلَيۡهِمۡۖ إِنَّ صَلَوٰتَكَ سَكَنٞ لَّهُمۡۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың малдарынан садақа ал да, ол арқылы оларды тазартып, берекелендіресің. Оларға дұға қыл. Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау. Алла толық естуші, аса білуші. info
التفاسير:

external-link copy
104 : 9

أَلَمۡ يَعۡلَمُوٓاْ أَنَّ ٱللَّهَ هُوَ يَقۡبَلُ ٱلتَّوۡبَةَ عَنۡ عِبَادِهِۦ وَيَأۡخُذُ ٱلصَّدَقَٰتِ وَأَنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Олар, құлдарының тәубесін қабыл етіп, садақаларын қабылдайтын Ол Алла ғана екенін білмей ме? Шынында Ол Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. info
التفاسير:

external-link copy
105 : 9

وَقُلِ ٱعۡمَلُواْ فَسَيَرَى ٱللَّهُ عَمَلَكُمۡ وَرَسُولُهُۥ وَٱلۡمُؤۡمِنُونَۖ وَسَتُرَدُّونَ إِلَىٰ عَٰلِمِ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «істейтіндеріңді істеңдер. Істеріңді Алла, Пайғамбар және мүміндер көреді. Сондай-ақ көмес, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар да сендерге не істегендерің білдіріледі» де. info
التفاسير:

external-link copy
106 : 9

وَءَاخَرُونَ مُرۡجَوۡنَ لِأَمۡرِ ٱللَّهِ إِمَّا يُعَذِّبُهُمۡ وَإِمَّا يَتُوبُ عَلَيۡهِمۡۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٞ

Соғыстан қалып Алланың әмірін күткендер, Алла оларды не азаптайды немесе тәубелерін қабыл етеді. Алла толық білуші, хикмет иесі. info
التفاسير: