Fassarar Ma'anonin Alqura'ni - Fassara a yaren Khazakiyaci - Khalifa al-Ɗay

Lambar shafi:close

external-link copy
74 : 6

۞ وَإِذۡ قَالَ إِبۡرَٰهِيمُ لِأَبِيهِ ءَازَرَ أَتَتَّخِذُ أَصۡنَامًا ءَالِهَةً إِنِّيٓ أَرَىٰكَ وَقَوۡمَكَ فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ

Сол уақытта Ыбырайым әкесі Әзерге: «Бұттарды тұттыңдарма? Расында мен сені де еліңді де анық адасуда көремін» деген. info
التفاسير:

external-link copy
75 : 6

وَكَذَٰلِكَ نُرِيٓ إِبۡرَٰهِيمَ مَلَكُوتَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضِ وَلِيَكُونَ مِنَ ٱلۡمُوقِنِينَ

Осылайша Ыбырайым (Ғ.С.) ға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (Ғажайып) мүліктерін көрсетттік. info
التفاسير:

external-link copy
76 : 6

فَلَمَّا جَنَّ عَلَيۡهِ ٱلَّيۡلُ رَءَا كَوۡكَبٗاۖ قَالَ هَٰذَا رَبِّيۖ فَلَمَّآ أَفَلَ قَالَ لَآ أُحِبُّ ٱلۡأٓفِلِينَ

Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді де: « Осы менің Раббым» деді. Жұлдыз батқан кезде; «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді info
التفاسير:

external-link copy
77 : 6

فَلَمَّا رَءَا ٱلۡقَمَرَ بَازِغٗا قَالَ هَٰذَا رَبِّيۖ فَلَمَّآ أَفَلَ قَالَ لَئِن لَّمۡ يَهۡدِنِي رَبِّي لَأَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ ٱلضَّآلِّينَ

Туған айды көргенде: «Осы менің Раббым» деді. Ол батқанда: «Егер Раббым тура жолға салмаған болса еді, әрине мен де адасқан елден болар едім» деді. info
التفاسير:

external-link copy
78 : 6

فَلَمَّا رَءَا ٱلشَّمۡسَ بَازِغَةٗ قَالَ هَٰذَا رَبِّي هَٰذَآ أَكۡبَرُۖ فَلَمَّآ أَفَلَتۡ قَالَ يَٰقَوۡمِ إِنِّي بَرِيٓءٞ مِّمَّا تُشۡرِكُونَ

Және шыққан күнді көргенде: « Осы менің Раббым, мынау үлкенірек» деді. Ол батқан сәтте: «Әй қаумым! Расында, сендер Аллаға ортақ қосқан нәрселерден бездім» деді. info
التفاسير:

external-link copy
79 : 6

إِنِّي وَجَّهۡتُ وَجۡهِيَ لِلَّذِي فَطَرَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ حَنِيفٗاۖ وَمَآ أَنَا۠ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ

«Мен шынайы түрде жүзімді көктерді, жерді жаратқанға мүлде жөнелттім. Және ортақ қосушылардан емеспін» деді. info
التفاسير:

external-link copy
80 : 6

وَحَآجَّهُۥ قَوۡمُهُۥۚ قَالَ أَتُحَٰٓجُّوٓنِّي فِي ٱللَّهِ وَقَدۡ هَدَىٰنِۚ وَلَآ أَخَافُ مَا تُشۡرِكُونَ بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يَشَآءَ رَبِّي شَيۡـٔٗاۚ وَسِعَ رَبِّي كُلَّ شَيۡءٍ عِلۡمًاۚ أَفَلَا تَتَذَكَّرُونَ

Елі онымен тартысқа кірісті. «Мені рас тура жолға салған Алла жайында менімен таласасыңдар ма? Мен сендердің оған ортақ қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Бірақ Раббым не нәрсе қаласа, (болады) Раббымның білімі әр нәрсені қамтыған. Ойланбайсыңдар ма?»,- деді. info
التفاسير:

external-link copy
81 : 6

وَكَيۡفَ أَخَافُ مَآ أَشۡرَكۡتُمۡ وَلَا تَخَافُونَ أَنَّكُمۡ أَشۡرَكۡتُم بِٱللَّهِ مَا لَمۡ يُنَزِّلۡ بِهِۦ عَلَيۡكُمۡ سُلۡطَٰنٗاۚ فَأَيُّ ٱلۡفَرِيقَيۡنِ أَحَقُّ بِٱلۡأَمۡنِۖ إِن كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ

«Сендердің қосқан ортақтарыңнан қалайша қорқамын. Сендер ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға ортақ қосудан қорықпайсыңдар. Сенім тұрғысынан екі топтың қайсысы лайығырақ? Егер білетін болсаңдар.» info
التفاسير: