Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay.

Səhifənin rəqəmi:close

external-link copy
82 : 7

وَمَا كَانَ جَوَابَ قَوۡمِهِۦٓ إِلَّآ أَن قَالُوٓاْ أَخۡرِجُوهُم مِّن قَرۡيَتِكُمۡۖ إِنَّهُمۡ أُنَاسٞ يَتَطَهَّرُونَ

Елінің жауабы: «Оларды кенттеріңнен шығарыңдар. Өйткені, олар өте тазасынған адамдар» деу ғана болады. info
التفاسير:

external-link copy
83 : 7

فَأَنجَيۡنَٰهُ وَأَهۡلَهُۥٓ إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ كَانَتۡ مِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ

Сонда Лұт (Ғ.С.) ты және семьясын құтқардық. Бірақ қатыны ғана апатқа ұшырағандардан болды. info
التفاسير:

external-link copy
84 : 7

وَأَمۡطَرۡنَا عَلَيۡهِم مَّطَرٗاۖ فَٱنظُرۡ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُجۡرِمِينَ

Оларға бір жаңбыр жаудырдық. Күнәкарлардың сонының қалай болғанын көр! info
التفاسير:

external-link copy
85 : 7

وَإِلَىٰ مَدۡيَنَ أَخَاهُمۡ شُعَيۡبٗاۚ قَالَ يَٰقَوۡمِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ مَا لَكُم مِّنۡ إِلَٰهٍ غَيۡرُهُۥۖ قَدۡ جَآءَتۡكُم بَيِّنَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡۖ فَأَوۡفُواْ ٱلۡكَيۡلَ وَٱلۡمِيزَانَ وَلَا تَبۡخَسُواْ ٱلنَّاسَ أَشۡيَآءَهُمۡ وَلَا تُفۡسِدُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ بَعۡدَ إِصۡلَٰحِهَاۚ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ

Мәдян еліне туыстары Шұғайып (Ғ.С.) ты жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, тартуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзетілгеннен кейін жер жүзінде бүліншілік қылмаңдар. Егер иман кетірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы» деді. info
التفاسير:

external-link copy
86 : 7

وَلَا تَقۡعُدُواْ بِكُلِّ صِرَٰطٖ تُوعِدُونَ وَتَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ مَنۡ ءَامَنَ بِهِۦ وَتَبۡغُونَهَا عِوَجٗاۚ وَٱذۡكُرُوٓاْ إِذۡ كُنتُمۡ قَلِيلٗا فَكَثَّرَكُمۡۖ وَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُفۡسِدِينَ

«Иман келтіргендерді Алланың жолынан тосып, бопсалап, қыңырлық іздеу үшін әрбір жол үстінде отырмаңдар. Және ойлаңдар, сендер аз едіңдер, Алла көбейтті. Және де бұзақылардың соңы қалай болды, қараңдар! » info
التفاسير:

external-link copy
87 : 7

وَإِن كَانَ طَآئِفَةٞ مِّنكُمۡ ءَامَنُواْ بِٱلَّذِيٓ أُرۡسِلۡتُ بِهِۦ وَطَآئِفَةٞ لَّمۡ يُؤۡمِنُواْ فَٱصۡبِرُواْ حَتَّىٰ يَحۡكُمَ ٱللَّهُ بَيۡنَنَاۚ وَهُوَ خَيۡرُ ٱلۡحَٰكِمِينَ

«Және сендерден бір топ, мен арқылы жіберілгенге сеніп, бір топ сенбесе, Сонда арамызға Алла үкім бергенге дейін сабыр етіңдер. Ол, үкім берушілердің жақсысы» info
التفاسير: