Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay.

Səhifənin rəqəmi:close

external-link copy
51 : 28

۞ وَلَقَدۡ وَصَّلۡنَا لَهُمُ ٱلۡقَوۡلَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық. info
التفاسير:

external-link copy
52 : 28

ٱلَّذِينَ ءَاتَيۡنَٰهُمُ ٱلۡكِتَٰبَ مِن قَبۡلِهِۦ هُم بِهِۦ يُؤۡمِنُونَ

Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (5-С. 83-А.) info
التفاسير:

external-link copy
53 : 28

وَإِذَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡهِمۡ قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِهِۦٓ إِنَّهُ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّنَآ إِنَّا كُنَّا مِن قَبۡلِهِۦ مُسۡلِمِينَ

Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К.) info
التفاسير:

external-link copy
54 : 28

أُوْلَٰٓئِكَ يُؤۡتَوۡنَ أَجۡرَهُم مَّرَّتَيۡنِ بِمَا صَبَرُواْ وَيَدۡرَءُونَ بِٱلۡحَسَنَةِ ٱلسَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ يُنفِقُونَ

Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. info
التفاسير:

external-link copy
55 : 28

وَإِذَا سَمِعُواْ ٱللَّغۡوَ أَعۡرَضُواْ عَنۡهُ وَقَالُواْ لَنَآ أَعۡمَٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَٰلُكُمۡ سَلَٰمٌ عَلَيۡكُمۡ لَا نَبۡتَغِي ٱلۡجَٰهِلِينَ

Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
56 : 28

إِنَّكَ لَا تَهۡدِي مَنۡ أَحۡبَبۡتَ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهۡدِي مَن يَشَآءُۚ وَهُوَ أَعۡلَمُ بِٱلۡمُهۡتَدِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х.) info
التفاسير:

external-link copy
57 : 28

وَقَالُوٓاْ إِن نَّتَّبِعِ ٱلۡهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفۡ مِنۡ أَرۡضِنَآۚ أَوَلَمۡ نُمَكِّن لَّهُمۡ حَرَمًا ءَامِنٗا يُجۡبَىٰٓ إِلَيۡهِ ثَمَرَٰتُ كُلِّ شَيۡءٖ رِّزۡقٗا مِّن لَّدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَهُمۡ لَا يَعۡلَمُونَ

(Құрайш тобы): "Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді. info
التفاسير:

external-link copy
58 : 28

وَكَمۡ أَهۡلَكۡنَا مِن قَرۡيَةِۭ بَطِرَتۡ مَعِيشَتَهَاۖ فَتِلۡكَ مَسَٰكِنُهُمۡ لَمۡ تُسۡكَن مِّنۢ بَعۡدِهِمۡ إِلَّا قَلِيلٗاۖ وَكُنَّا نَحۡنُ ٱلۡوَٰرِثِينَ

Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық. info
التفاسير:

external-link copy
59 : 28

وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهۡلِكَ ٱلۡقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبۡعَثَ فِيٓ أُمِّهَا رَسُولٗا يَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَاۚ وَمَا كُنَّا مُهۡلِكِي ٱلۡقُرَىٰٓ إِلَّا وَأَهۡلُهَا ظَٰلِمُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз. info
التفاسير: