Qurani Kərimin mənaca tərcüməsi - Qazax dilinə tərcümə - Xəlifə Altay.

Səhifənin rəqəmi:close

external-link copy
55 : 16

لِيَكۡفُرُواْ بِمَآ ءَاتَيۡنَٰهُمۡۚ فَتَمَتَّعُواْ فَسَوۡفَ تَعۡلَمُونَ

Олар берген нығметтерімізге нашүкіршілік етеді. Әзірше пайдалана тұрыңдар, жедел білесіңдер! info
التفاسير:

external-link copy
56 : 16

وَيَجۡعَلُونَ لِمَا لَا يَعۡلَمُونَ نَصِيبٗا مِّمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡۗ تَٱللَّهِ لَتُسۡـَٔلُنَّ عَمَّا كُنتُمۡ تَفۡتَرُونَ

(Мүшіріктер) өздеріне берген нәсібемізден, не екенін білмейтін бұттарға сыбаға арнайды. Аллаға серт! Бұл жасама қылықтарыңнан әлбетте сұраққа тартыласыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
57 : 16

وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ ٱلۡبَنَٰتِ سُبۡحَٰنَهُۥ وَلَهُم مَّا يَشۡتَهُونَ

Тағы олар, Аллаға қыздарды ұйғарды. (Періштелерді Алланың қыздары дейді.) Алла, одан пәк. Өздері үшін қалағанын (ұлды) арнайды. info
التفاسير:

external-link copy
58 : 16

وَإِذَا بُشِّرَ أَحَدُهُم بِٱلۡأُنثَىٰ ظَلَّ وَجۡهُهُۥ مُسۡوَدّٗا وَهُوَ كَظِيمٞ

Егер, олардың біреуі қызбен шүйіншіленсе, (әйелінің қыз тапқанын естісе,) оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды. info
التفاسير:

external-link copy
59 : 16

يَتَوَٰرَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡمِ مِن سُوٓءِ مَا بُشِّرَ بِهِۦٓۚ أَيُمۡسِكُهُۥ عَلَىٰ هُونٍ أَمۡ يَدُسُّهُۥ فِي ٱلتُّرَابِۗ أَلَا سَآءَ مَا يَحۡكُمُونَ

Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау ке рек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді. info
التفاسير:

external-link copy
60 : 16

لِلَّذِينَ لَا يُؤۡمِنُونَ بِٱلۡأٓخِرَةِ مَثَلُ ٱلسَّوۡءِۖ وَلِلَّهِ ٱلۡمَثَلُ ٱلۡأَعۡلَىٰۚ وَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ

Сондай ахиретке сенбеген үшін мысалдың жаманы болады. Мысалдың жоғарысы, Аллаға тән. Ол, үстем, хикмет иесі. info
التفاسير:

external-link copy
61 : 16

وَلَوۡ يُؤَاخِذُ ٱللَّهُ ٱلنَّاسَ بِظُلۡمِهِم مَّا تَرَكَ عَلَيۡهَا مِن دَآبَّةٖ وَلَٰكِن يُؤَخِّرُهُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمّٗىۖ فَإِذَا جَآءَ أَجَلُهُمۡ لَا يَسۡتَـٔۡخِرُونَ سَاعَةٗ وَلَا يَسۡتَقۡدِمُونَ

Алла, адам баласын, олардың кесірлері себепті қолға алатын болса, жер жүзінде ешбір жәндік қалмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. Ал, қашан олардың олардың мерзімі келсе, Олар оны, бір сәтке кейіндете алмайды да ілгерілете алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
62 : 16

وَيَجۡعَلُونَ لِلَّهِ مَا يَكۡرَهُونَۚ وَتَصِفُ أَلۡسِنَتُهُمُ ٱلۡكَذِبَ أَنَّ لَهُمُ ٱلۡحُسۡنَىٰۚ لَا جَرَمَ أَنَّ لَهُمُ ٱلنَّارَ وَأَنَّهُم مُّفۡرَطُونَ

Олар өздері жек көрген (қыздар)ді Аллаға ұйғарып, тілдерімен, “Жақсы нәрселер өздеріне тән” деп өтірік айтады. Шәк жоқ! Оларға тозақ бар. Рас олар, сүйреліп барушылар. info
التفاسير:

external-link copy
63 : 16

تَٱللَّهِ لَقَدۡ أَرۡسَلۡنَآ إِلَىٰٓ أُمَمٖ مِّن قَبۡلِكَ فَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيۡطَٰنُ أَعۡمَٰلَهُمۡ فَهُوَ وَلِيُّهُمُ ٱلۡيَوۡمَ وَلَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

Аллаға серт! (Мұхаммед Ғ.С.) Расында сенен бұрын да үмметтерге елшілер жіберген едік. Сонда да шайтан, оларға, өз қылықтарын әйбет көрсетті. Сондықтан бүгін де ол, олардың досы. Оларға күйзелтуші азап бар. info
التفاسير:

external-link copy
64 : 16

وَمَآ أَنزَلۡنَا عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ إِلَّا لِتُبَيِّنَ لَهُمُ ٱلَّذِي ٱخۡتَلَفُواْ فِيهِ وَهُدٗى وَرَحۡمَةٗ لِّقَوۡمٖ يُؤۡمِنُونَ

Саған Құранды, олардың қайшылыққа түскен нәрселерін анықтауың және иман келтірген ел үшін тура жол әрі игілік түрінде ғана түсірдік. info
التفاسير: