የቅዱስ ቁርዓን ይዘት ትርጉም - የካዛኽኛ ትርጉም - ኸሊፋ አልጣይ

የገፅ ቁጥር:close

external-link copy
65 : 20

قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلۡقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ أَوَّلَ مَنۡ أَلۡقَىٰ

Олар: "Әй Мұса! Енді (асаңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық" деді. info
التفاسير:

external-link copy
66 : 20

قَالَ بَلۡ أَلۡقُواْۖ فَإِذَا حِبَالُهُمۡ وَعِصِيُّهُمۡ يُخَيَّلُ إِلَيۡهِ مِن سِحۡرِهِمۡ أَنَّهَا تَسۡعَىٰ

(Мұса Ғ.С.): "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте, олардың (тастаған) жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан, Мұса (Ғ.С.) ға жүрген жылан болып сезілді. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 20

فَأَوۡجَسَ فِي نَفۡسِهِۦ خِيفَةٗ مُّوسَىٰ

Сондықтан Мұса (Ғ.С.) көңлінде бір қобалжу сезді. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 20

قُلۡنَا لَا تَخَفۡ إِنَّكَ أَنتَ ٱلۡأَعۡلَىٰ

"Қорықпа! Сен үстем боласың" дедік. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 20

وَأَلۡقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلۡقَفۡ مَا صَنَعُوٓاْۖ إِنَّمَا صَنَعُواْ كَيۡدُ سَٰحِرٖۖ وَلَا يُفۡلِحُ ٱلسَّاحِرُ حَيۡثُ أَتَىٰ

"Оң қолыңдағыны (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да қүтылмайды" дедік. info
التفاسير:

external-link copy
70 : 20

فَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سُجَّدٗا قَالُوٓاْ ءَامَنَّا بِرَبِّ هَٰرُونَ وَمُوسَىٰ

Сонда бүкіл сиқыршылар, сәждеге жығылып: "Мұса мен Һарүнның Раббына иман келтірдік" деді. info
التفاسير:

external-link copy
71 : 20

قَالَ ءَامَنتُمۡ لَهُۥ قَبۡلَ أَنۡ ءَاذَنَ لَكُمۡۖ إِنَّهُۥ لَكَبِيرُكُمُ ٱلَّذِي عَلَّمَكُمُ ٱلسِّحۡرَۖ فَلَأُقَطِّعَنَّ أَيۡدِيَكُمۡ وَأَرۡجُلَكُم مِّنۡ خِلَٰفٖ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمۡ فِي جُذُوعِ ٱلنَّخۡلِ وَلَتَعۡلَمُنَّ أَيُّنَآ أَشَدُّ عَذَابٗا وَأَبۡقَىٰ

(Перғауын, сиқыршыларға): "Мен сендерге рүхсат беруден бұрын иман келтірдіңдер ме? Әрине ол, сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді, әлбетте қолдарыңды да аяқтарыңды да шадырлата кесемін. Және сендерді құрманың бұтақтарына асамын. Сөйтіп қайсымыздың азабымыз қатты да тұрақты екенін жақсы білесіңдер" деді. info
التفاسير:

external-link copy
72 : 20

قَالُواْ لَن نُّؤۡثِرَكَ عَلَىٰ مَا جَآءَنَا مِنَ ٱلۡبَيِّنَٰتِ وَٱلَّذِي فَطَرَنَاۖ فَٱقۡضِ مَآ أَنتَ قَاضٍۖ إِنَّمَا تَقۡضِي هَٰذِهِ ٱلۡحَيَوٰةَ ٱلدُّنۡيَآ

Олар: "Бізге келген ашық мүғжизалардан сондай-ақ бізді жаратқаннан, сені артық көре алмаймыз. Дереу не үкім берсең бер. Әрине сен осы дүниеде ғана ықпал жүргізе аласың" деді. info
التفاسير:

external-link copy
73 : 20

إِنَّآ ءَامَنَّا بِرَبِّنَا لِيَغۡفِرَ لَنَا خَطَٰيَٰنَا وَمَآ أَكۡرَهۡتَنَا عَلَيۡهِ مِنَ ٱلسِّحۡرِۗ وَٱللَّهُ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓ

"Күдіксіз біз, қателіктерімізді және сен бізді зорлаған сиқырды кешіруі үшін Раббымызға иман келтірдік. Сондай-ақ Алла (Т.) хайырлы да тұрақты." info
التفاسير:

external-link copy
74 : 20

إِنَّهُۥ مَن يَأۡتِ رَبَّهُۥ مُجۡرِمٗا فَإِنَّ لَهُۥ جَهَنَّمَ لَا يَمُوتُ فِيهَا وَلَا يَحۡيَىٰ

Күдіксіз кім Раббына күнәкар болып келсе, рас оған тозақ бар: Онда ол, өлмейді де тіршілік өмір де сүрмейді. info
التفاسير:

external-link copy
75 : 20

وَمَن يَأۡتِهِۦ مُؤۡمِنٗا قَدۡ عَمِلَ ٱلصَّٰلِحَٰتِ فَأُوْلَٰٓئِكَ لَهُمُ ٱلدَّرَجَٰتُ ٱلۡعُلَىٰ

Ал кім Оған иман келтіріп, рас ізгі іс істеп келсе, міне соларға жоғары дәрежелер бар. info
التفاسير:

external-link copy
76 : 20

جَنَّٰتُ عَدۡنٖ تَجۡرِي مِن تَحۡتِهَا ٱلۡأَنۡهَٰرُ خَٰلِدِينَ فِيهَاۚ وَذَٰلِكَ جَزَآءُ مَن تَزَكَّىٰ

Астынан езендер ағатын Ғадын бақшалары; Олар, онда мәңгі қалады. Пәк болған кісінің сыйлығы осы. info
التفاسير: