Қуръони Карим маъноларининг таржимаси - Қозоқча таржима

Мухаммад

external-link copy
1 : 47

ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَصَدُّواْ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ أَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ

Сондай қарсы болып, Алланың жолынан тосқандардың, Алла ғамалдарын босқа жібереді. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 47

وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَءَامَنُواْ بِمَا نُزِّلَ عَلَىٰ مُحَمَّدٖ وَهُوَ ٱلۡحَقُّ مِن رَّبِّهِمۡ كَفَّرَ عَنۡهُمۡ سَيِّـَٔاتِهِمۡ وَأَصۡلَحَ بَالَهُمۡ

Ал иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сондай-ақ Мұхаммед (Ғ.С.) ке Раббы тарапынан ол шындықпен түсірілгенге иман келтіргендердің Алла, жамандықтарын жойып, жағдайларын түзелтті. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 47

ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡبَٰطِلَ وَأَنَّ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱتَّبَعُواْ ٱلۡحَقَّ مِن رَّبِّهِمۡۚ كَذَٰلِكَ يَضۡرِبُ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ أَمۡثَٰلَهُمۡ

Бұның себебі: Шынайы қарсы болғандардың бос нәрсеге ілесіп анық иман келтіргендердің Раббыларынан келген хақиқатка ілескендіктері. Осылайша Алла адам баласына өз мысалдарын келтіреді. info
التفاسير:

external-link copy
4 : 47

فَإِذَا لَقِيتُمُ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَضَرۡبَ ٱلرِّقَابِ حَتَّىٰٓ إِذَآ أَثۡخَنتُمُوهُمۡ فَشُدُّواْ ٱلۡوَثَاقَ فَإِمَّا مَنَّۢا بَعۡدُ وَإِمَّا فِدَآءً حَتَّىٰ تَضَعَ ٱلۡحَرۡبُ أَوۡزَارَهَاۚ ذَٰلِكَۖ وَلَوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ لَٱنتَصَرَ مِنۡهُمۡ وَلَٰكِن لِّيَبۡلُوَاْ بَعۡضَكُم بِبَعۡضٖۗ وَٱلَّذِينَ قُتِلُواْ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ فَلَن يُضِلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ

Соғыста кәпірлермен кездессеңдер, мойындарына шабыңдар; оларды жаныштағанға дейін. Сонда берік байлаңдар (тұтқынға алыңдар) да сосын қамқорлық қылып (қоя беріңдер.) Немесе бодау алыңдар; Соғыс қүралдарын қойғанға дейін (сөйтіңдер.) (2-С. 193-А.) Егер Алла қаласа, олардан өш алар еді. Бірақ біріңді-бірің арқылы сынау үшін. Сондай Алла жолында өлтірілгендер болса, Алла олардың ғамалдарын әсте зая қылмайды. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 47

سَيَهۡدِيهِمۡ وَيُصۡلِحُ بَالَهُمۡ

Оларды тура жолға салып жағдайларын түзелтеді. info
التفاسير:

external-link copy
6 : 47

وَيُدۡخِلُهُمُ ٱلۡجَنَّةَ عَرَّفَهَا لَهُمۡ

Оларды өздеріне таныстырылған жаннатқа кіргізеді. info
التفاسير:

external-link copy
7 : 47

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ إِن تَنصُرُواْ ٱللَّهَ يَنصُرۡكُمۡ وَيُثَبِّتۡ أَقۡدَامَكُمۡ

Әй мүміндер! Егер Аллаға (дініне) жәрдем етсеңдер, Ол сендерге жәрдем етіп, табандарыңды бекітеді. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 47

وَٱلَّذِينَ كَفَرُواْ فَتَعۡسٗا لَّهُمۡ وَأَضَلَّ أَعۡمَٰلَهُمۡ

Сондай қарсы келгендерге келсек, олар жанышталсын. Алла олардың ғамалдарын зая қылды. info
التفاسير:

external-link copy
9 : 47

ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَرِهُواْ مَآ أَنزَلَ ٱللَّهُ فَأَحۡبَطَ أَعۡمَٰلَهُمۡ

Бұның себебі: Шынында олар Алланың түсірген нәрсесін жек көрді. Сондықтан Алла олардың ғамалдарын жойды. info
التفاسير:

external-link copy
10 : 47

۞ أَفَلَمۡ يَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَيَنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِهِمۡۖ دَمَّرَ ٱللَّهُ عَلَيۡهِمۡۖ وَلِلۡكَٰفِرِينَ أَمۡثَٰلُهَا

Олар жер жүзінде кезіп, өздерінен бұрынғылардың соңдарының қалай болғаның көрмей ме? Алла оларды талқандаған. Кәпірлер үшін сол тәрізді болады. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 47

ذَٰلِكَ بِأَنَّ ٱللَّهَ مَوۡلَى ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَأَنَّ ٱلۡكَٰفِرِينَ لَا مَوۡلَىٰ لَهُمۡ

Өйткені Алла, иман келтіргендердің иесі. Шынында кәпірлердің иесі жоқ. info
التفاسير: