قرآن کریم کے معانی کا ترجمہ - قازق ترجمہ - خلیفہ الطای

صفحہ نمبر:close

external-link copy
24 : 22

وَهُدُوٓاْ إِلَى ٱلطَّيِّبِ مِنَ ٱلۡقَوۡلِ وَهُدُوٓاْ إِلَىٰ صِرَٰطِ ٱلۡحَمِيدِ

Олар, көркем сөзге көндіріліп, мақтаулы Алланың жолына салынғандар. (Көркем сөз: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ж.Б.М.К.Р.) info
التفاسير:

external-link copy
25 : 22

إِنَّ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ وَيَصُدُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ وَٱلۡمَسۡجِدِ ٱلۡحَرَامِ ٱلَّذِي جَعَلۡنَٰهُ لِلنَّاسِ سَوَآءً ٱلۡعَٰكِفُ فِيهِ وَٱلۡبَادِۚ وَمَن يُرِدۡ فِيهِ بِإِلۡحَادِۭ بِظُلۡمٖ نُّذِقۡهُ مِنۡ عَذَابٍ أَلِيمٖ

Шынында қарсы болғандарға, Алланың жолынан сондай-ақ Біз; оның тұрғындарымен шеттен келуші адамдарға тең қылған Месжід Харамнан тосқандарға және кім онда зұлымдықпен жолдан шығуды қаласа, оған жан түршігерлік азаптың дәмін таттырамыз. info
التفاسير:

external-link copy
26 : 22

وَإِذۡ بَوَّأۡنَا لِإِبۡرَٰهِيمَ مَكَانَ ٱلۡبَيۡتِ أَن لَّا تُشۡرِكۡ بِي شَيۡـٔٗا وَطَهِّرۡ بَيۡتِيَ لِلطَّآئِفِينَ وَٱلۡقَآئِمِينَ وَٱلرُّكَّعِ ٱلسُّجُودِ

Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.) ды Кағбаның орнына: "Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста" деп, орналастырған едік. info
التفاسير:

external-link copy
27 : 22

وَأَذِّن فِي ٱلنَّاسِ بِٱلۡحَجِّ يَأۡتُوكَ رِجَالٗا وَعَلَىٰ كُلِّ ضَامِرٖ يَأۡتِينَ مِن كُلِّ فَجٍّ عَمِيقٖ

Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді. info
التفاسير:

external-link copy
28 : 22

لِّيَشۡهَدُواْ مَنَٰفِعَ لَهُمۡ وَيَذۡكُرُواْ ٱسۡمَ ٱللَّهِ فِيٓ أَيَّامٖ مَّعۡلُومَٰتٍ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّنۢ بَهِيمَةِ ٱلۡأَنۡعَٰمِۖ فَكُلُواْ مِنۡهَا وَأَطۡعِمُواْ ٱلۡبَآئِسَ ٱلۡفَقِيرَ

Олар өздеріне тән пайдаларын көрсін. Сондай-ақ өздеріне берілген малдардан белгілі күндерде Алланың атын алсын. (Қүрбан шалсын.) Одан өздерің де жеңдер және жоқ-жітікке де жегізіндер. info
التفاسير:

external-link copy
29 : 22

ثُمَّ لۡيَقۡضُواْ تَفَثَهُمۡ وَلۡيُوفُواْ نُذُورَهُمۡ وَلۡيَطَّوَّفُواْ بِٱلۡبَيۡتِ ٱلۡعَتِيقِ

Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ыхрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тауап кылсын. info
التفاسير:

external-link copy
30 : 22

ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمۡ حُرُمَٰتِ ٱللَّهِ فَهُوَ خَيۡرٞ لَّهُۥ عِندَ رَبِّهِۦۗ وَأُحِلَّتۡ لَكُمُ ٱلۡأَنۡعَٰمُ إِلَّا مَا يُتۡلَىٰ عَلَيۡكُمۡۖ فَٱجۡتَنِبُواْ ٱلرِّجۡسَ مِنَ ٱلۡأَوۡثَٰنِ وَٱجۡتَنِبُواْ قَوۡلَ ٱلزُّورِ

Міне осы, кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа; сонда оған Раббыларының қасында хайырлы. Сендерге арамдыгы білдірілгеннен басқа малдар, халал қылынды. Ал енді нәжіс бтттардан сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар. (І6-С.116-А.) info
التفاسير: