Salin ng mga Kahulugan ng Marangal na Qur'an - Salin sa Wikang Kazakh ni Khalifah Altai

Numero ng Pahina:close

external-link copy
144 : 7

قَالَ يَٰمُوسَىٰٓ إِنِّي ٱصۡطَفَيۡتُكَ عَلَى ٱلنَّاسِ بِرِسَٰلَٰتِي وَبِكَلَٰمِي فَخُذۡ مَآ ءَاتَيۡتُكَ وَكُن مِّنَ ٱلشَّٰكِرِينَ

(Алла Т.): « Әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» деді. info
التفاسير:

external-link copy
145 : 7

وَكَتَبۡنَا لَهُۥ فِي ٱلۡأَلۡوَاحِ مِن كُلِّ شَيۡءٖ مَّوۡعِظَةٗ وَتَفۡصِيلٗا لِّكُلِّ شَيۡءٖ فَخُذۡهَا بِقُوَّةٖ وَأۡمُرۡ قَوۡمَكَ يَأۡخُذُواْ بِأَحۡسَنِهَاۚ سَأُوْرِيكُمۡ دَارَ ٱلۡفَٰسِقِينَ

Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?» info
التفاسير:

external-link copy
146 : 7

سَأَصۡرِفُ عَنۡ ءَايَٰتِيَ ٱلَّذِينَ يَتَكَبَّرُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَإِن يَرَوۡاْ كُلَّ ءَايَةٖ لَّا يُؤۡمِنُواْ بِهَا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلرُّشۡدِ لَا يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗا وَإِن يَرَوۡاْ سَبِيلَ ٱلۡغَيِّ يَتَّخِذُوهُ سَبِيلٗاۚ ذَٰلِكَ بِأَنَّهُمۡ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَكَانُواْ عَنۡهَا غَٰفِلِينَ

Жер жүзінде орынсыз түрде дандайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол қып ұстамайды. Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары. info
التفاسير:

external-link copy
147 : 7

وَٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِـَٔايَٰتِنَا وَلِقَآءِ ٱلۡأٓخِرَةِ حَبِطَتۡ أَعۡمَٰلُهُمۡۚ هَلۡ يُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

Аяттарымызды, ақиретке кездесуді өтірік дегендердің ғамалдары жойылып, істеріне қарай ғана жазаланады. info
التفاسير:

external-link copy
148 : 7

وَٱتَّخَذَ قَوۡمُ مُوسَىٰ مِنۢ بَعۡدِهِۦ مِنۡ حُلِيِّهِمۡ عِجۡلٗا جَسَدٗا لَّهُۥ خُوَارٌۚ أَلَمۡ يَرَوۡاْ أَنَّهُۥ لَا يُكَلِّمُهُمۡ وَلَا يَهۡدِيهِمۡ سَبِيلًاۘ ٱتَّخَذُوهُ وَكَانُواْ ظَٰلِمِينَ

Мұса (Ғ.С.) дан кйін елі; сәндік- бұйымдардан дабысы бар бұзаудың мүсінін жасап алды. Олар, ол бұзаудың өздерімен сөйлеспейтінін және оларды тура жолға салмайтынынн көрмей ме? Олар оны тәңір тұтып, залымдардан болды. info
التفاسير:

external-link copy
149 : 7

وَلَمَّا سُقِطَ فِيٓ أَيۡدِيهِمۡ وَرَأَوۡاْ أَنَّهُمۡ قَدۡ ضَلُّواْ قَالُواْ لَئِن لَّمۡ يَرۡحَمۡنَا رَبُّنَا وَيَغۡفِرۡ لَنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ ٱلۡخَٰسِرِينَ

(Мұса Ғ.С. Тұр тауына Аллаға жалбарыну үшін қырық күн тұрғанда, Самри, елдің алтын білезіктерінен бұзаудың мүсінін жасайды. Рауаят бойынша Жебрейіл Ғ.С. ның атының ізінен алынған топырақты ішіне қойғандықтан немесе ішіне кірген жел арқылы бұзаудың дауысы шығатын болған.) Олардың қолдары түскен заманда (қатты өкініп иықтары түскен түрде) анық адасқандықтарын көріп: «Егер Раббымыз бізге мәрхамет етпесе, бізді жарылқамаса, әрине зиян тартушылардан боламыз» десті. info
التفاسير: