Salin ng mga Kahulugan ng Marangal na Qur'an - Salin sa Wikang Kazakh ni Khalifah Altai

Numero ng Pahina:close

external-link copy
105 : 7

حَقِيقٌ عَلَىٰٓ أَن لَّآ أَقُولَ عَلَى ٱللَّهِ إِلَّا ٱلۡحَقَّۚ قَدۡ جِئۡتُكُم بِبَيِّنَةٖ مِّن رَّبِّكُمۡ فَأَرۡسِلۡ مَعِيَ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ

«Аллаға хақиқатты ғана айтуға міндеттемін. Сендерге Раббыларыңнан ашық дәлел әкелдім. Енді Израил ұрпақтарын менімен бірге жібер» деді. info
التفاسير:

external-link copy
106 : 7

قَالَ إِن كُنتَ جِئۡتَ بِـَٔايَةٖ فَأۡتِ بِهَآ إِن كُنتَ مِنَ ٱلصَّٰدِقِينَ

(Перғауын): «Егер сен бір мұғжиза келтірген болсаң, ал оны әкел. Егер сөзің шын болса» деді. info
التفاسير:

external-link copy
107 : 7

فَأَلۡقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعۡبَانٞ مُّبِينٞ

Сонда (Мұса Ғ.С.) таяғын тастады. Ол, дереу ашықша бір айдағар болды. info
التفاسير:

external-link copy
108 : 7

وَنَزَعَ يَدَهُۥ فَإِذَا هِيَ بَيۡضَآءُ لِلنَّٰظِرِينَ

Тағы қолын шығарды. Сонда ол, қараушыларға аппақ көрінді. info
التفاسير:

external-link copy
109 : 7

قَالَ ٱلۡمَلَأُ مِن قَوۡمِ فِرۡعَوۡنَ إِنَّ هَٰذَا لَسَٰحِرٌ عَلِيمٞ

Перғауын елінің бастықтары: «Күдіксіз мынау анық білгіш сиқыршы» деді. info
التفاسير:

external-link copy
110 : 7

يُرِيدُ أَن يُخۡرِجَكُم مِّنۡ أَرۡضِكُمۡۖ فَمَاذَا تَأۡمُرُونَ

«Сендерді жұрттарыңнан шығарғысы келеді. Не бұйрасыңдар?» info
التفاسير:

external-link copy
111 : 7

قَالُوٓاْ أَرۡجِهۡ وَأَخَاهُ وَأَرۡسِلۡ فِي ٱلۡمَدَآئِنِ حَٰشِرِينَ

«Оны да туысын да тоқтатып қойып, қалаларға жинаушылар жібер.» info
التفاسير:

external-link copy
112 : 7

يَأۡتُوكَ بِكُلِّ سَٰحِرٍ عَلِيمٖ

«Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін» (десті) info
التفاسير:

external-link copy
113 : 7

وَجَآءَ ٱلسَّحَرَةُ فِرۡعَوۡنَ قَالُوٓاْ إِنَّ لَنَا لَأَجۡرًا إِن كُنَّا نَحۡنُ ٱلۡغَٰلِبِينَ

Сиқыршылар, Перғауынға келіп: «Егер біз жеңіске ие болсақ, әрине бізге сыйлық бар шығар» деді. info
التفاسير:

external-link copy
114 : 7

قَالَ نَعَمۡ وَإِنَّكُمۡ لَمِنَ ٱلۡمُقَرَّبِينَ

(Перғауын): «Әрине! Әрі жақын адамдарымнан боласыңдар» деді. info
التفاسير:

external-link copy
115 : 7

قَالُواْ يَٰمُوسَىٰٓ إِمَّآ أَن تُلۡقِيَ وَإِمَّآ أَن نَّكُونَ نَحۡنُ ٱلۡمُلۡقِينَ

(Сиқыршылар): Ә Мұса! Енді (өңеріңді ортаға) не сен қой немесе біздер қойяық деді. info
التفاسير:

external-link copy
116 : 7

قَالَ أَلۡقُواْۖ فَلَمَّآ أَلۡقَوۡاْ سَحَرُوٓاْ أَعۡيُنَ ٱلنَّاسِ وَٱسۡتَرۡهَبُوهُمۡ وَجَآءُو بِسِحۡرٍ عَظِيمٖ

(Мұса Ғ.С.): «Сеңдер қойыңдар» деді. Олар (өңерлерін) қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді. info
التفاسير:

external-link copy
117 : 7

۞ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَىٰٓ أَنۡ أَلۡقِ عَصَاكَۖ فَإِذَا هِيَ تَلۡقَفُ مَا يَأۡفِكُونَ

Мұсаға: «Таяғыңды таста» деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады. info
التفاسير:

external-link copy
118 : 7

فَوَقَعَ ٱلۡحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті. info
التفاسير:

external-link copy
119 : 7

فَغُلِبُواْ هُنَالِكَ وَٱنقَلَبُواْ صَٰغِرِينَ

Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты. info
التفاسير:

external-link copy
120 : 7

وَأُلۡقِيَ ٱلسَّحَرَةُ سَٰجِدِينَ

Сиқыршылар сәждеге жығылды. info
التفاسير: