ශුද්ධවූ අල් කුර්ආන් අර්ථ කථනය - කසාකස් පරිවර්තනය - කලීෆා අල්තායි

Хаққа

external-link copy
1 : 69

ٱلۡحَآقَّةُ

Болуы анық қиямет. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 69

مَا ٱلۡحَآقَّةُ

Ол, болуы анық не нәрсе? info
التفاسير:

external-link copy
3 : 69

وَمَآ أَدۡرَىٰكَ مَا ٱلۡحَآقَّةُ

Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің? info
التفاسير:

external-link copy
4 : 69

كَذَّبَتۡ ثَمُودُ وَعَادُۢ بِٱلۡقَارِعَةِ

Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 69

فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهۡلِكُواْ بِٱلطَّاغِيَةِ

Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды. info
التفاسير:

external-link copy
6 : 69

وَأَمَّا عَادٞ فَأُهۡلِكُواْ بِرِيحٖ صَرۡصَرٍ عَاتِيَةٖ

Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді. info
التفاسير:

external-link copy
7 : 69

سَخَّرَهَا عَلَيۡهِمۡ سَبۡعَ لَيَالٖ وَثَمَٰنِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومٗاۖ فَتَرَى ٱلۡقَوۡمَ فِيهَا صَرۡعَىٰ كَأَنَّهُمۡ أَعۡجَازُ نَخۡلٍ خَاوِيَةٖ

Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 69

فَهَلۡ تَرَىٰ لَهُم مِّنۢ بَاقِيَةٖ

Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе? info
التفاسير:

external-link copy
9 : 69

وَجَآءَ فِرۡعَوۡنُ وَمَن قَبۡلَهُۥ وَٱلۡمُؤۡتَفِكَٰتُ بِٱلۡخَاطِئَةِ

Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен. info
التفاسير:

external-link copy
10 : 69

فَعَصَوۡاْ رَسُولَ رَبِّهِمۡ فَأَخَذَهُمۡ أَخۡذَةٗ رَّابِيَةً

Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 69

إِنَّا لَمَّا طَغَا ٱلۡمَآءُ حَمَلۡنَٰكُمۡ فِي ٱلۡجَارِيَةِ

Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық. info
التفاسير:

external-link copy
12 : 69

لِنَجۡعَلَهَا لَكُمۡ تَذۡكِرَةٗ وَتَعِيَهَآ أُذُنٞ وَٰعِيَةٞ

Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 69

فَإِذَا نُفِخَ فِي ٱلصُّورِ نَفۡخَةٞ وَٰحِدَةٞ

Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте, info
التفاسير:

external-link copy
14 : 69

وَحُمِلَتِ ٱلۡأَرۡضُ وَٱلۡجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةٗ وَٰحِدَةٗ

Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте, info
التفاسير:

external-link copy
15 : 69

فَيَوۡمَئِذٖ وَقَعَتِ ٱلۡوَاقِعَةُ

Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады. info
التفاسير:

external-link copy
16 : 69

وَٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَهِيَ يَوۡمَئِذٖ وَاهِيَةٞ

Сол күні, көк жарылып, босайды. info
التفاسير:

external-link copy
17 : 69

وَٱلۡمَلَكُ عَلَىٰٓ أَرۡجَآئِهَاۚ وَيَحۡمِلُ عَرۡشَ رَبِّكَ فَوۡقَهُمۡ يَوۡمَئِذٖ ثَمَٰنِيَةٞ

Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді. info
التفاسير:

external-link copy
18 : 69

يَوۡمَئِذٖ تُعۡرَضُونَ لَا تَخۡفَىٰ مِنكُمۡ خَافِيَةٞ

Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды. info
التفاسير:

external-link copy
19 : 69

فَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِيَمِينِهِۦ فَيَقُولُ هَآؤُمُ ٱقۡرَءُواْ كِتَٰبِيَهۡ

Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді. info
التفاسير:

external-link copy
20 : 69

إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَٰقٍ حِسَابِيَهۡ

"Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем." info
التفاسير:

external-link copy
21 : 69

فَهُوَ فِي عِيشَةٖ رَّاضِيَةٖ

Сонда ол, қуанышты тіршілікте, info
التفاسير:

external-link copy
22 : 69

فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٖ

Көтеріңкі жаннатта болады; info
التفاسير:

external-link copy
23 : 69

قُطُوفُهَا دَانِيَةٞ

Жемістері салбырап тұрады. info
التفاسير:

external-link copy
24 : 69

كُلُواْ وَٱشۡرَبُواْ هَنِيٓـَٔۢا بِمَآ أَسۡلَفۡتُمۡ فِي ٱلۡأَيَّامِ ٱلۡخَالِيَةِ

(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді.) info
التفاسير:

external-link copy
25 : 69

وَأَمَّا مَنۡ أُوتِيَ كِتَٰبَهُۥ بِشِمَالِهِۦ فَيَقُولُ يَٰلَيۡتَنِي لَمۡ أُوتَ كِتَٰبِيَهۡ

Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
26 : 69

وَلَمۡ أَدۡرِ مَا حِسَابِيَهۡ

"Есебімнің не екенін білмесем екен!" info
التفاسير:

external-link copy
27 : 69

يَٰلَيۡتَهَا كَانَتِ ٱلۡقَاضِيَةَ

"Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді.)" info
التفاسير:

external-link copy
28 : 69

مَآ أَغۡنَىٰ عَنِّي مَالِيَهۡۜ

"Малым, маған еш пайда бермеді." info
التفاسير:

external-link copy
29 : 69

هَلَكَ عَنِّي سُلۡطَٰنِيَهۡ

"Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді.) info
التفاسير:

external-link copy
30 : 69

خُذُوهُ فَغُلُّوهُ

"Оны ұстаңдар да байлаңдар." info
التفاسير:

external-link copy
31 : 69

ثُمَّ ٱلۡجَحِيمَ صَلُّوهُ

"Сосын оны тозаққа салыңдар." info
التفاسير:

external-link copy
32 : 69

ثُمَّ فِي سِلۡسِلَةٖ ذَرۡعُهَا سَبۡعُونَ ذِرَاعٗا فَٱسۡلُكُوهُ

"Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді.) info
التفاسير:

external-link copy
33 : 69

إِنَّهُۥ كَانَ لَا يُؤۡمِنُ بِٱللَّهِ ٱلۡعَظِيمِ

"Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген;" info
التفاسير:

external-link copy
34 : 69

وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ ٱلۡمِسۡكِينِ

"Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді." info
التفاسير:

external-link copy
35 : 69

فَلَيۡسَ لَهُ ٱلۡيَوۡمَ هَٰهُنَا حَمِيمٞ

Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
36 : 69

وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنۡ غِسۡلِينٖ

Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ. info
التفاسير:

external-link copy
37 : 69

لَّا يَأۡكُلُهُۥٓ إِلَّا ٱلۡخَٰطِـُٔونَ

Оны күнәкарлар ғана жейді. info
التفاسير:

external-link copy
38 : 69

فَلَآ أُقۡسِمُ بِمَا تُبۡصِرُونَ

Сонда көрген нәрселеріңе серт; info
التفاسير:

external-link copy
39 : 69

وَمَا لَا تُبۡصِرُونَ

Және көрмеген нәрселеріңе де серт. info
التفاسير:

external-link copy
40 : 69

إِنَّهُۥ لَقَوۡلُ رَسُولٖ كَرِيمٖ

Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М.) info
التفاسير:

external-link copy
41 : 69

وَمَا هُوَ بِقَوۡلِ شَاعِرٖۚ قَلِيلٗا مَّا تُؤۡمِنُونَ

Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
42 : 69

وَلَا بِقَوۡلِ كَاهِنٖۚ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ

Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
43 : 69

تَنزِيلٞ مِّن رَّبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ

Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген. info
التفاسير:

external-link copy
44 : 69

وَلَوۡ تَقَوَّلَ عَلَيۡنَا بَعۡضَ ٱلۡأَقَاوِيلِ

Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса; info
التفاسير:

external-link copy
45 : 69

لَأَخَذۡنَا مِنۡهُ بِٱلۡيَمِينِ

Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; info
التفاسير:

external-link copy
46 : 69

ثُمَّ لَقَطَعۡنَا مِنۡهُ ٱلۡوَتِينَ

Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік.) info
التفاسير:

external-link copy
47 : 69

فَمَا مِنكُم مِّنۡ أَحَدٍ عَنۡهُ حَٰجِزِينَ

Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
48 : 69

وَإِنَّهُۥ لَتَذۡكِرَةٞ لِّلۡمُتَّقِينَ

Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат.. info
التفاسير:

external-link copy
49 : 69

وَإِنَّا لَنَعۡلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ

Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз. info
التفاسير:

external-link copy
50 : 69

وَإِنَّهُۥ لَحَسۡرَةٌ عَلَى ٱلۡكَٰفِرِينَ

Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет. info
التفاسير:

external-link copy
51 : 69

وَإِنَّهُۥ لَحَقُّ ٱلۡيَقِينِ

Шүбәсыз ол Құран, анық шындық. info
التفاسير:

external-link copy
52 : 69

فَسَبِّحۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلۡعَظِيمِ

(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте. info
التفاسير: