ශුද්ධවූ අල් කුර්ආන් අර්ථ කථනය - කසාකස් පරිවර්තනය - කලීෆා අල්තායි

පිටු අංක:close

external-link copy
17 : 38

ٱصۡبِرۡ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَٱذۡكُرۡ عَبۡدَنَا دَاوُۥدَ ذَا ٱلۡأَيۡدِۖ إِنَّهُۥٓ أَوَّابٌ

(Мұхаммед Ғ.С.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты құлымыз Дәуіт (Ғ.С.) ті есіңе ал! Өйткені ол, өте бой ұсынушы. info
التفاسير:

external-link copy
18 : 38

إِنَّا سَخَّرۡنَا ٱلۡجِبَالَ مَعَهُۥ يُسَبِّحۡنَ بِٱلۡعَشِيِّ وَٱلۡإِشۡرَاقِ

Рас оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде әрі сәскеде Алланы дәріптейтін еді. (21-С. 79-А.) info
التفاسير:

external-link copy
19 : 38

وَٱلطَّيۡرَ مَحۡشُورَةٗۖ كُلّٞ لَّهُۥٓ أَوَّابٞ

Оған құсты тобымен бағындырдық. Барлығы Алланы дәріптуші еді. info
التفاسير:

external-link copy
20 : 38

وَشَدَدۡنَا مُلۡكَهُۥ وَءَاتَيۡنَٰهُ ٱلۡحِكۡمَةَ وَفَصۡلَ ٱلۡخِطَابِ

Оның патшалығын күшейтіп, оған даналық, сондай-ақ дауға билік айту қабілетін бердік. info
التفاسير:

external-link copy
21 : 38

۞ وَهَلۡ أَتَىٰكَ نَبَؤُاْ ٱلۡخَصۡمِ إِذۡ تَسَوَّرُواْ ٱلۡمِحۡرَابَ

Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. info
التفاسير:

external-link copy
22 : 38

إِذۡ دَخَلُواْ عَلَىٰ دَاوُۥدَ فَفَزِعَ مِنۡهُمۡۖ قَالُواْ لَا تَخَفۡۖ خَصۡمَانِ بَغَىٰ بَعۡضُنَا عَلَىٰ بَعۡضٖ فَٱحۡكُم بَيۡنَنَا بِٱلۡحَقِّ وَلَا تُشۡطِطۡ وَٱهۡدِنَآ إِلَىٰ سَوَآءِ ٱلصِّرَٰطِ

Олар Дәуіт (Ғ.С) ке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: "Қорықпа, бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал" деді. info
التفاسير:

external-link copy
23 : 38

إِنَّ هَٰذَآ أَخِي لَهُۥ تِسۡعٞ وَتِسۡعُونَ نَعۡجَةٗ وَلِيَ نَعۡجَةٞ وَٰحِدَةٞ فَقَالَ أَكۡفِلۡنِيهَا وَعَزَّنِي فِي ٱلۡخِطَابِ

"Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда да ол, "Оны маған тапсыр" деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді." info
التفاسير:

external-link copy
24 : 38

قَالَ لَقَدۡ ظَلَمَكَ بِسُؤَالِ نَعۡجَتِكَ إِلَىٰ نِعَاجِهِۦۖ وَإِنَّ كَثِيرٗا مِّنَ ٱلۡخُلَطَآءِ لَيَبۡغِي بَعۡضُهُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٍ إِلَّا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ وَعَمِلُواْ ٱلصَّٰلِحَٰتِ وَقَلِيلٞ مَّا هُمۡۗ وَظَنَّ دَاوُۥدُ أَنَّمَا فَتَنَّٰهُ فَٱسۡتَغۡفَرَ رَبَّهُۥ وَخَرَّۤ رَاكِعٗاۤ وَأَنَابَ۩

Дәуіт (Ғ.С.): "Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарыңның үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай" деді. Дәуіт (Ғ.С.) шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды. info
التفاسير:

external-link copy
25 : 38

فَغَفَرۡنَا لَهُۥ ذَٰلِكَۖ وَإِنَّ لَهُۥ عِندَنَا لَزُلۡفَىٰ وَحُسۡنَ مَـَٔابٖ

Сонда оны жарылқадық. Шәксіз оның Біздің қасымызда әлбетте жақындыгы, көркем келешегі бар. (Бұл дауа мәселесі, мысал үшін келтірілген. Б.М.К.Х.) info
التفاسير:

external-link copy
26 : 38

يَٰدَاوُۥدُ إِنَّا جَعَلۡنَٰكَ خَلِيفَةٗ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱحۡكُم بَيۡنَ ٱلنَّاسِ بِٱلۡحَقِّ وَلَا تَتَّبِعِ ٱلۡهَوَىٰ فَيُضِلَّكَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَضِلُّونَ عَن سَبِيلِ ٱللَّهِ لَهُمۡ عَذَابٞ شَدِيدُۢ بِمَا نَسُواْ يَوۡمَ ٱلۡحِسَابِ

Әй Дәуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан адамдардың арасына хақиқатпен ткім ет, ойға ерме. Онда сені Алланың жолынан адастырады. Шәксіз Алланың жолынан адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар. info
التفاسير: