Ibisobanuro bya qoran ntagatifu - Ibisobanuro bya Qur'an Ntagatifu mu rurimi rw'igikazakhi - Khalifa Altay.

numero y'urupapuro:close

external-link copy
52 : 15

إِذۡ دَخَلُواْ عَلَيۡهِ فَقَالُواْ سَلَٰمٗا قَالَ إِنَّا مِنكُمۡ وَجِلُونَ

Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді. info
التفاسير:

external-link copy
53 : 15

قَالُواْ لَا تَوۡجَلۡ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَٰمٍ عَلِيمٖ

(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйінілейміз” деді. info
التفاسير:

external-link copy
54 : 15

قَالَ أَبَشَّرۡتُمُونِي عَلَىٰٓ أَن مَّسَّنِيَ ٱلۡكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ

(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, - деді. info
التفاسير:

external-link copy
55 : 15

قَالُواْ بَشَّرۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ فَلَا تَكُن مِّنَ ٱلۡقَٰنِطِينَ

(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді. info
التفاسير:

external-link copy
56 : 15

قَالَ وَمَن يَقۡنَطُ مِن رَّحۡمَةِ رَبِّهِۦٓ إِلَّا ٱلضَّآلُّونَ

(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен, адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, - деді. info
التفاسير:

external-link copy
57 : 15

قَالَ فَمَا خَطۡبُكُمۡ أَيُّهَا ٱلۡمُرۡسَلُونَ

(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, - деді. info
التفاسير:

external-link copy
58 : 15

قَالُوٓاْ إِنَّآ أُرۡسِلۡنَآ إِلَىٰ قَوۡمٖ مُّجۡرِمِينَ

(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді. info
التفاسير:

external-link copy
59 : 15

إِلَّآ ءَالَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمۡ أَجۡمَعِينَ

“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз” info
التفاسير:

external-link copy
60 : 15

إِلَّا ٱمۡرَأَتَهُۥ قَدَّرۡنَآ إِنَّهَا لَمِنَ ٱلۡغَٰبِرِينَ

“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық” info
التفاسير:

external-link copy
61 : 15

فَلَمَّا جَآءَ ءَالَ لُوطٍ ٱلۡمُرۡسَلُونَ

Елшілер, Лұт семьясына келгенде: info
التفاسير:

external-link copy
62 : 15

قَالَ إِنَّكُمۡ قَوۡمٞ مُّنكَرُونَ

) “Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (Лұт Ғ.С. оларға) info
التفاسير:

external-link copy
63 : 15

قَالُواْ بَلۡ جِئۡنَٰكَ بِمَا كَانُواْ فِيهِ يَمۡتَرُونَ

(Елшілер): “Жоқ біз олардың күманданған азабын алып келдік” деді. info
التفاسير:

external-link copy
64 : 15

وَأَتَيۡنَٰكَ بِٱلۡحَقِّ وَإِنَّا لَصَٰدِقُونَ

“Біз саған нақты шындықты кетірдік. Әрине шын айтамыз” info
التفاسير:

external-link copy
65 : 15

فَأَسۡرِ بِأَهۡلِكَ بِقِطۡعٖ مِّنَ ٱلَّيۡلِ وَٱتَّبِعۡ أَدۡبَٰرَهُمۡ وَلَا يَلۡتَفِتۡ مِنكُمۡ أَحَدٞ وَٱمۡضُواْ حَيۡثُ تُؤۡمَرُونَ

“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер” info
التفاسير:

external-link copy
66 : 15

وَقَضَيۡنَآ إِلَيۡهِ ذَٰلِكَ ٱلۡأَمۡرَ أَنَّ دَابِرَ هَٰٓؤُلَآءِ مَقۡطُوعٞ مُّصۡبِحِينَ

(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 15

وَجَآءَ أَهۡلُ ٱلۡمَدِينَةِ يَسۡتَبۡشِرُونَ

Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 15

قَالَ إِنَّ هَٰٓؤُلَآءِ ضَيۡفِي فَلَا تَفۡضَحُونِ

(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 15

وَٱتَّقُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُخۡزُونِ

“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…” info
التفاسير:

external-link copy
70 : 15

قَالُوٓاْ أَوَلَمۡ نَنۡهَكَ عَنِ ٱلۡعَٰلَمِينَ

(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, - деді. info
التفاسير: