Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Нух

external-link copy
1 : 71

إِنَّآ أَرۡسَلۡنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوۡمِهِۦٓ أَنۡ أَنذِرۡ قَوۡمَكَ مِن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَهُمۡ عَذَابٌ أَلِيمٞ

Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт" деп, жібердік. info
التفاسير:

external-link copy
2 : 71

قَالَ يَٰقَوۡمِ إِنِّي لَكُمۡ نَذِيرٞ مُّبِينٌ

(Нұх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 71

أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ

"Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар;" info
التفاسير:

external-link copy
4 : 71

يَغۡفِرۡ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمۡ وَيُؤَخِّرۡكُمۡ إِلَىٰٓ أَجَلٖ مُّسَمًّىۚ إِنَّ أَجَلَ ٱللَّهِ إِذَا جَآءَ لَا يُؤَخَّرُۚ لَوۡ كُنتُمۡ تَعۡلَمُونَ

"Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді." info
التفاسير:

external-link copy
5 : 71

قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوۡتُ قَوۡمِي لَيۡلٗا وَنَهَارٗا

(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым." info
التفاسير:

external-link copy
6 : 71

فَلَمۡ يَزِدۡهُمۡ دُعَآءِيٓ إِلَّا فِرَارٗا

"Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды." info
التفاسير:

external-link copy
7 : 71

وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوۡتُهُمۡ لِتَغۡفِرَ لَهُمۡ جَعَلُوٓاْ أَصَٰبِعَهُمۡ فِيٓ ءَاذَانِهِمۡ وَٱسۡتَغۡشَوۡاْ ثِيَابَهُمۡ وَأَصَرُّواْ وَٱسۡتَكۡبَرُواْ ٱسۡتِكۡبَارٗا

"Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды." info
التفاسير:

external-link copy
8 : 71

ثُمَّ إِنِّي دَعَوۡتُهُمۡ جِهَارٗا

"Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым." info
التفاسير:

external-link copy
9 : 71

ثُمَّ إِنِّيٓ أَعۡلَنتُ لَهُمۡ وَأَسۡرَرۡتُ لَهُمۡ إِسۡرَارٗا

"Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым." info
التفاسير:

external-link copy
10 : 71

فَقُلۡتُ ٱسۡتَغۡفِرُواْ رَبَّكُمۡ إِنَّهُۥ كَانَ غَفَّارٗا

(Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 71

يُرۡسِلِ ٱلسَّمَآءَ عَلَيۡكُم مِّدۡرَارٗا

"Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді." info
التفاسير:

external-link copy
12 : 71

وَيُمۡدِدۡكُم بِأَمۡوَٰلٖ وَبَنِينَ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ جَنَّٰتٖ وَيَجۡعَل لَّكُمۡ أَنۡهَٰرٗا

"Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады." info
التفاسير:

external-link copy
13 : 71

مَّا لَكُمۡ لَا تَرۡجُونَ لِلَّهِ وَقَارٗا

"Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды?" info
التفاسير:

external-link copy
14 : 71

وَقَدۡ خَلَقَكُمۡ أَطۡوَارًا

"Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты." info
التفاسير:

external-link copy
15 : 71

أَلَمۡ تَرَوۡاْ كَيۡفَ خَلَقَ ٱللَّهُ سَبۡعَ سَمَٰوَٰتٖ طِبَاقٗا

"Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?" info
التفاسير:

external-link copy
16 : 71

وَجَعَلَ ٱلۡقَمَرَ فِيهِنَّ نُورٗا وَجَعَلَ ٱلشَّمۡسَ سِرَاجٗا

"Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды." info
التفاسير:

external-link copy
17 : 71

وَٱللَّهُ أَنۢبَتَكُم مِّنَ ٱلۡأَرۡضِ نَبَاتٗا

"Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді." info
التفاسير:

external-link copy
18 : 71

ثُمَّ يُعِيدُكُمۡ فِيهَا وَيُخۡرِجُكُمۡ إِخۡرَاجٗا

"Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады." info
التفاسير:

external-link copy
19 : 71

وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ بِسَاطٗا

"Алла сендерге жерді төсеніш қылды." info
التفاسير:

external-link copy
20 : 71

لِّتَسۡلُكُواْ مِنۡهَا سُبُلٗا فِجَاجٗا

"Оның кең жолдарында жүрулерің үшін." info
التفاسير:

external-link copy
21 : 71

قَالَ نُوحٞ رَّبِّ إِنَّهُمۡ عَصَوۡنِي وَٱتَّبَعُواْ مَن لَّمۡ يَزِدۡهُ مَالُهُۥ وَوَلَدُهُۥٓ إِلَّا خَسَارٗا

Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті." info
التفاسير:

external-link copy
22 : 71

وَمَكَرُواْ مَكۡرٗا كُبَّارٗا

"Олар зор айлакерліктер істеді." info
التفاسير:

external-link copy
23 : 71

وَقَالُواْ لَا تَذَرُنَّ ءَالِهَتَكُمۡ وَلَا تَذَرُنَّ وَدّٗا وَلَا سُوَاعٗا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسۡرٗا

Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары.) info
التفاسير:

external-link copy
24 : 71

وَقَدۡ أَضَلُّواْ كَثِيرٗاۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا ضَلَٰلٗا

"Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр." info
التفاسير:

external-link copy
25 : 71

مِّمَّا خَطِيٓـَٰٔتِهِمۡ أُغۡرِقُواْ فَأُدۡخِلُواْ نَارٗا فَلَمۡ يَجِدُواْ لَهُم مِّن دُونِ ٱللَّهِ أَنصَارٗا

Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады. info
التفاسير:

external-link copy
26 : 71

وَقَالَ نُوحٞ رَّبِّ لَا تَذَرۡ عَلَى ٱلۡأَرۡضِ مِنَ ٱلۡكَٰفِرِينَ دَيَّارًا

Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма" деді. info
التفاسير:

external-link copy
27 : 71

إِنَّكَ إِن تَذَرۡهُمۡ يُضِلُّواْ عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوٓاْ إِلَّا فَاجِرٗا كَفَّارٗا

"Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады; info
التفاسير:

external-link copy
28 : 71

رَّبِّ ٱغۡفِرۡ لِي وَلِوَٰلِدَيَّ وَلِمَن دَخَلَ بَيۡتِيَ مُؤۡمِنٗا وَلِلۡمُؤۡمِنِينَ وَٱلۡمُؤۡمِنَٰتِۖ وَلَا تَزِدِ ٱلظَّٰلِمِينَ إِلَّا تَبَارَۢا

"Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді. info
التفاسير: