Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Puslapio numeris: 273:267 close

external-link copy
65 : 16

وَٱللَّهُ أَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَحۡيَا بِهِ ٱلۡأَرۡضَ بَعۡدَ مَوۡتِهَآۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَسۡمَعُونَ

Алла аспаннан жаңбыр жаудырып, өлген жерді кейін онымен жандандырды. Негізінде бұнда тыңдаған қауым үшін әрине үлгі бар. info
التفاسير:

external-link copy
66 : 16

وَإِنَّ لَكُمۡ فِي ٱلۡأَنۡعَٰمِ لَعِبۡرَةٗۖ نُّسۡقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهِۦ مِنۢ بَيۡنِ فَرۡثٖ وَدَمٖ لَّبَنًا خَالِصٗا سَآئِغٗا لِّلشَّٰرِبِينَ

Шын мәнінде сендер үшін малдар да, ғибрат бар. Малдың қарнындағы қанымен жынның арасынан шыққан ішушілерге сүйкімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 16

وَمِن ثَمَرَٰتِ ٱلنَّخِيلِ وَٱلۡأَعۡنَٰبِ تَتَّخِذُونَ مِنۡهُ سَكَرٗا وَرِزۡقًا حَسَنًاۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَعۡقِلُونَ

Құрма ағаштарының жемістерінен және жүзімдерден арақ әрі көркем көрек жасап аласыңдар. Рас мұнда ойлаған елге анық үлгі бар. (Араққа тыйым салынудан бұрын түскен аят. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) info
التفاسير:

external-link copy
68 : 16

وَأَوۡحَىٰ رَبُّكَ إِلَى ٱلنَّحۡلِ أَنِ ٱتَّخِذِي مِنَ ٱلۡجِبَالِ بُيُوتٗا وَمِنَ ٱلشَّجَرِ وَمِمَّا يَعۡرِشُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың, араға: “Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал!”, - деп нұсқады. (Жаратылыс қабылет берді.) info
التفاسير:

external-link copy
69 : 16

ثُمَّ كُلِي مِن كُلِّ ٱلثَّمَرَٰتِ فَٱسۡلُكِي سُبُلَ رَبِّكِ ذُلُلٗاۚ يَخۡرُجُ مِنۢ بُطُونِهَا شَرَابٞ مُّخۡتَلِفٌ أَلۡوَٰنُهُۥ فِيهِ شِفَآءٞ لِّلنَّاسِۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ

“Сонсоң әр түрлі өсімдіктен же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!” Араның қарындарынан түрлі-түсте бал шығакды. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар. info
التفاسير:

external-link copy
70 : 16

وَٱللَّهُ خَلَقَكُمۡ ثُمَّ يَتَوَفَّىٰكُمۡۚ وَمِنكُم مَّن يُرَدُّ إِلَىٰٓ أَرۡذَلِ ٱلۡعُمُرِ لِكَيۡ لَا يَعۡلَمَ بَعۡدَ عِلۡمٖ شَيۡـًٔاۚ إِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمٞ قَدِيرٞ

Алла (Т.) сендерді жаратты және сендерді өлтіреді. Кейбіреулерің, білгеннен кейін білмейтін өмірдің қорына қайтарылады. Күдіксіз Алла (Т.) толық білуші, аса күшті. info
التفاسير:

external-link copy
71 : 16

وَٱللَّهُ فَضَّلَ بَعۡضَكُمۡ عَلَىٰ بَعۡضٖ فِي ٱلرِّزۡقِۚ فَمَا ٱلَّذِينَ فُضِّلُواْ بِرَآدِّي رِزۡقِهِمۡ عَلَىٰ مَا مَلَكَتۡ أَيۡمَٰنُهُمۡ فَهُمۡ فِيهِ سَوَآءٌۚ أَفَبِنِعۡمَةِ ٱللَّهِ يَجۡحَدُونَ

Алла (Т.) несібеде, біріңнен-біріңді артық қылды. Сондай несібелері артық етілгендер, қол астындағыларға бермейді. Сондай-ақ несібеде олар тең. Олар Алланың нығметіне қарсы келе ме? info
التفاسير:

external-link copy
72 : 16

وَٱللَّهُ جَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا وَجَعَلَ لَكُم مِّنۡ أَزۡوَٰجِكُم بَنِينَ وَحَفَدَةٗ وَرَزَقَكُم مِّنَ ٱلطَّيِّبَٰتِۚ أَفَبِٱلۡبَٰطِلِ يُؤۡمِنُونَ وَبِنِعۡمَتِ ٱللَّهِ هُمۡ يَكۡفُرُونَ

Алла (Т.) өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендерді тап-таза нәрселеден ризықтандырды. Сонда да олар, бос нәрселерге сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме? info
التفاسير: