Kilniojo Korano reikšmių vertimas - Vertimas į kazachų k. - Khalifa Altaj

Puslapio numeris:close

external-link copy
64 : 12

قَالَ هَلۡ ءَامَنُكُمۡ عَلَيۡهِ إِلَّا كَمَآ أَمِنتُكُمۡ عَلَىٰٓ أَخِيهِ مِن قَبۡلُ فَٱللَّهُ خَيۡرٌ حَٰفِظٗاۖ وَهُوَ أَرۡحَمُ ٱلرَّٰحِمِينَ

(Яғқұп Ғ.С.): „Бұдан бұрын туысына байланысты сендерге сенгенім сияқты бұған да сендерге сенейін бе? Дегенмен, Алла толық қорғаушы әрі Ол, мейірімділердің ең мейірімдісі” деді. info
التفاسير:

external-link copy
65 : 12

وَلَمَّا فَتَحُواْ مَتَٰعَهُمۡ وَجَدُواْ بِضَٰعَتَهُمۡ رُدَّتۡ إِلَيۡهِمۡۖ قَالُواْ يَٰٓأَبَانَا مَا نَبۡغِيۖ هَٰذِهِۦ بِضَٰعَتُنَا رُدَّتۡ إِلَيۡنَاۖ وَنَمِيرُ أَهۡلَنَا وَنَحۡفَظُ أَخَانَا وَنَزۡدَادُ كَيۡلَ بَعِيرٖۖ ذَٰلِكَ كَيۡلٞ يَسِيرٞ

Олар жүктерін ашқанда, Өздеріне қайтарылған нәрселерін тапты да: “Әй әкеміз! Не іздейміз! Міне нәрселеріміз өзімізге қайтарылыпты, тағы семьямызды қамтамасыз етіп, туыстарымызды қорғаймыз. Сондай-ақ тағы бір түйе (астық) өлшеуімізге болады. Негізінен бұл өлшеп әкелгеніміз шамалы” десті. info
التفاسير:

external-link copy
66 : 12

قَالَ لَنۡ أُرۡسِلَهُۥ مَعَكُمۡ حَتَّىٰ تُؤۡتُونِ مَوۡثِقٗا مِّنَ ٱللَّهِ لَتَأۡتُنَّنِي بِهِۦٓ إِلَّآ أَن يُحَاطَ بِكُمۡۖ فَلَمَّآ ءَاتَوۡهُ مَوۡثِقَهُمۡ قَالَ ٱللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٞ

Әкелері: “Бәрің бір-ақ қолды болып кетпейінше, оны міндетті түрде маған әкелулеріңе байланысты Алланың атымен серт бергенге дейін оны сендермен бірге жібере алмаймын” деді. Сөйтіп олар, әкелеріне серт берген сәтте, әкелері: “Алла айтқанымызға уәкіл” деді. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 12

وَقَالَ يَٰبَنِيَّ لَا تَدۡخُلُواْ مِنۢ بَابٖ وَٰحِدٖ وَٱدۡخُلُواْ مِنۡ أَبۡوَٰبٖ مُّتَفَرِّقَةٖۖ وَمَآ أُغۡنِي عَنكُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍۖ إِنِ ٱلۡحُكۡمُ إِلَّا لِلَّهِۖ عَلَيۡهِ تَوَكَّلۡتُۖ وَعَلَيۡهِ فَلۡيَتَوَكَّلِ ٱلۡمُتَوَكِّلُونَ

Балаларына: “Әй балаларым! Қалаға бір қақпадан кірмей бөлек-бөлек қақпалардан кіріңдер. Онымен қатар сендерден Алланың бұйрығынан еш нәрсені кетіре алмаймын. Үкім Аллаға ғана тән. Оған тәуекел еттім. Сондай-ақ тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін” деді. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 12

وَلَمَّا دَخَلُواْ مِنۡ حَيۡثُ أَمَرَهُمۡ أَبُوهُم مَّا كَانَ يُغۡنِي عَنۡهُم مِّنَ ٱللَّهِ مِن شَيۡءٍ إِلَّا حَاجَةٗ فِي نَفۡسِ يَعۡقُوبَ قَضَىٰهَاۚ وَإِنَّهُۥ لَذُو عِلۡمٖ لِّمَا عَلَّمۡنَٰهُ وَلَٰكِنَّ أَكۡثَرَ ٱلنَّاسِ لَا يَعۡلَمُونَ

Олар, әкелерінің әмірінше, кірген болса да олардан Алланың тақдырынан ешнәрсені кетіре алмайтын еді. Бірақ Яғқұп (Ғ.С.) көңліндегі бір хажетін ғана атқарған болды. Өйткені ол, біз үйреткендіктен білім иесі еді. Алайда, оны адамдардың көбі білмейді. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 12

وَلَمَّا دَخَلُواْ عَلَىٰ يُوسُفَ ءَاوَىٰٓ إِلَيۡهِ أَخَاهُۖ قَالَ إِنِّيٓ أَنَا۠ أَخُوكَ فَلَا تَبۡتَئِسۡ بِمَا كَانُواْ يَعۡمَلُونَ

Олар Юсыптың жанына кіргенде, Юсып туысын (Бінямынды) өз қасына алып: “Мен, сенің ініңмін. Олардың істегендеріне кейіме” деді. info
التفاسير: