Traduzione dei Significati del Sacro Corano - Traduzione kazaca - Khalifa Altay

Numero di pagina:close

external-link copy
7 : 33

وَإِذۡ أَخَذۡنَا مِنَ ٱلنَّبِيِّـۧنَ مِيثَٰقَهُمۡ وَمِنكَ وَمِن نُّوحٖ وَإِبۡرَٰهِيمَ وَمُوسَىٰ وَعِيسَى ٱبۡنِ مَرۡيَمَۖ وَأَخَذۡنَا مِنۡهُم مِّيثَٰقًا غَلِيظٗا

(Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта, пайғамбарлардан уәде алған едік. Сенен, Нұх, Ыбырайым, Мұса және Мәрйем ұлы Ғиса (Ғ.С.) лардан, солардан берік уәде алған едік. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 33

لِّيَسۡـَٔلَ ٱلصَّٰدِقِينَ عَن صِدۡقِهِمۡۚ وَأَعَدَّ لِلۡكَٰفِرِينَ عَذَابًا أَلِيمٗا

Алла шыншылдардың шындығынан сүрау үшін еді. Кәпірлерге қинаушы азап әзірледі. info
التفاسير:

external-link copy
9 : 33

يَٰٓأَيُّهَا ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ ٱذۡكُرُواْ نِعۡمَةَ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ إِذۡ جَآءَتۡكُمۡ جُنُودٞ فَأَرۡسَلۡنَا عَلَيۡهِمۡ رِيحٗا وَجُنُودٗا لَّمۡ تَرَوۡهَاۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا تَعۡمَلُونَ بَصِيرًا

Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (Ћіжіреттің бесінші жылы көптеген рулардан қүралған он екі мың кісілік қалың қол, Мединеге шабуыл жасайды. Мұхаммед (Ғ.С.) үш мың кісімен ор қазып, қорғаныс соғысын жасайды. Бір айға жақын болған соғыста, Мұсылмандар тым қүйзелгендіктен, Құдыретше қатты боран шығып, жау абыржып, қашады. Б.Ж.Р.М.К.) info
التفاسير:

external-link copy
10 : 33

إِذۡ جَآءُوكُم مِّن فَوۡقِكُمۡ وَمِنۡ أَسۡفَلَ مِنكُمۡ وَإِذۡ زَاغَتِ ٱلۡأَبۡصَٰرُ وَبَلَغَتِ ٱلۡقُلُوبُ ٱلۡحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِٱللَّهِ ٱلظُّنُونَا۠

Сол уақытта олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді. info
التفاسير:

external-link copy
11 : 33

هُنَالِكَ ٱبۡتُلِيَ ٱلۡمُؤۡمِنُونَ وَزُلۡزِلُواْ زِلۡزَالٗا شَدِيدٗا

Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді. info
التفاسير:

external-link copy
12 : 33

وَإِذۡ يَقُولُ ٱلۡمُنَٰفِقُونَ وَٱلَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٞ مَّا وَعَدَنَا ٱللَّهُ وَرَسُولُهُۥٓ إِلَّا غُرُورٗا

Сол уақытта Мұнафықтармен жүректерінде дерті болғандар: "Бізге Алла да Елшісі де алдап қана уәде берген екен" деді. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 33

وَإِذۡ قَالَت طَّآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ يَٰٓأَهۡلَ يَثۡرِبَ لَا مُقَامَ لَكُمۡ فَٱرۡجِعُواْۚ وَيَسۡتَـٔۡذِنُ فَرِيقٞ مِّنۡهُمُ ٱلنَّبِيَّ يَقُولُونَ إِنَّ بُيُوتَنَا عَوۡرَةٞ وَمَا هِيَ بِعَوۡرَةٍۖ إِن يُرِيدُونَ إِلَّا فِرَارٗا

Сол уақытта олардан бір бөлімі: "Әй Мединеліктер! Енді сендерге тұруға болмайды. Дереу қайтындар" десе, олардың тағы бір бөлімі, Пайғамбардан: "Үйлеріміз иен еді" деп, рұхсат сұрайды. Негізінде олар (үйлері) иен емес, олар қашуды ғана ойлайды. info
التفاسير:

external-link copy
14 : 33

وَلَوۡ دُخِلَتۡ عَلَيۡهِم مِّنۡ أَقۡطَارِهَا ثُمَّ سُئِلُواْ ٱلۡفِتۡنَةَ لَأٓتَوۡهَا وَمَا تَلَبَّثُواْ بِهَآ إِلَّا يَسِيرٗا

Егер оларға әр тараптан кіріліп, сосын өздерінен пітіне талап етілсе, әрине кешіктірмей-ақ белсене кірісер еді. info
التفاسير:

external-link copy
15 : 33

وَلَقَدۡ كَانُواْ عَٰهَدُواْ ٱللَّهَ مِن قَبۡلُ لَا يُوَلُّونَ ٱلۡأَدۡبَٰرَۚ وَكَانَ عَهۡدُ ٱللَّهِ مَسۡـُٔولٗا

Негізінде бұрыннан қайта қашпауға Аллаға уәде берген. Аллага берген уәдесіне жауапкер. info
التفاسير: