Traduzione dei Significati del Sacro Corano - Traduzione kazaca - Khalifa Altay

Numero di pagina:close

external-link copy
60 : 28

وَمَآ أُوتِيتُم مِّن شَيۡءٖ فَمَتَٰعُ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَزِينَتُهَاۚ وَمَا عِندَ ٱللَّهِ خَيۡرٞ وَأَبۡقَىٰٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ

Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма? info
التفاسير:

external-link copy
61 : 28

أَفَمَن وَعَدۡنَٰهُ وَعۡدًا حَسَنٗا فَهُوَ لَٰقِيهِ كَمَن مَّتَّعۡنَٰهُ مَتَٰعَ ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا ثُمَّ هُوَ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ مِنَ ٱلۡمُحۡضَرِينَ

Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме? info
التفاسير:

external-link copy
62 : 28

وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ أَيۡنَ شُرَكَآءِيَ ٱلَّذِينَ كُنتُمۡ تَزۡعُمُونَ

(Алла Т.) ол күні, оларға: "Сендердің Маған серік деп үйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды. info
التفاسير:

external-link copy
63 : 28

قَالَ ٱلَّذِينَ حَقَّ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقَوۡلُ رَبَّنَا هَٰٓؤُلَآءِ ٱلَّذِينَ أَغۡوَيۡنَآ أَغۡوَيۡنَٰهُمۡ كَمَا غَوَيۡنَاۖ تَبَرَّأۡنَآ إِلَيۡكَۖ مَا كَانُوٓاْ إِيَّانَا يَعۡبُدُونَ

Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
64 : 28

وَقِيلَ ٱدۡعُواْ شُرَكَآءَكُمۡ فَدَعَوۡهُمۡ فَلَمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَهُمۡ وَرَأَوُاْ ٱلۡعَذَابَۚ لَوۡ أَنَّهُمۡ كَانُواْ يَهۡتَدُونَ

Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді. info
التفاسير:

external-link copy
65 : 28

وَيَوۡمَ يُنَادِيهِمۡ فَيَقُولُ مَاذَآ أَجَبۡتُمُ ٱلۡمُرۡسَلِينَ

(Алла Т.) ол күні, оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды. info
التفاسير:

external-link copy
66 : 28

فَعَمِيَتۡ عَلَيۡهِمُ ٱلۡأَنۢبَآءُ يَوۡمَئِذٖ فَهُمۡ لَا يَتَسَآءَلُونَ

Сол күні оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 28

فَأَمَّا مَن تَابَ وَءَامَنَ وَعَمِلَ صَٰلِحٗا فَعَسَىٰٓ أَن يَكُونَ مِنَ ٱلۡمُفۡلِحِينَ

Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 28

وَرَبُّكَ يَخۡلُقُ مَا يَشَآءُ وَيَخۡتَارُۗ مَا كَانَ لَهُمُ ٱلۡخِيَرَةُۚ سُبۡحَٰنَ ٱللَّهِ وَتَعَٰلَىٰ عَمَّا يُشۡرِكُونَ

Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 28

وَرَبُّكَ يَعۡلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمۡ وَمَا يُعۡلِنُونَ

Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі. info
التفاسير:

external-link copy
70 : 28

وَهُوَ ٱللَّهُ لَآ إِلَٰهَ إِلَّا هُوَۖ لَهُ ٱلۡحَمۡدُ فِي ٱلۡأُولَىٰ وَٱلۡأٓخِرَةِۖ وَلَهُ ٱلۡحُكۡمُ وَإِلَيۡهِ تُرۡجَعُونَ

Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. info
التفاسير: