Traduzione dei Significati del Sacro Corano - Traduzione kazaca - Khalifa Altay

Numero di pagina:close

external-link copy
58 : 21

فَجَعَلَهُمۡ جُذَٰذًا إِلَّا كَبِيرٗا لَّهُمۡ لَعَلَّهُمۡ إِلَيۡهِ يَرۡجِعُونَ

Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды. info
التفاسير:

external-link copy
59 : 21

قَالُواْ مَن فَعَلَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَآ إِنَّهُۥ لَمِنَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Олар: "Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залым екен" десті. info
التفاسير:

external-link copy
60 : 21

قَالُواْ سَمِعۡنَا فَتٗى يَذۡكُرُهُمۡ يُقَالُ لَهُۥٓ إِبۡرَٰهِيمُ

"Ыбырайым деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенін естідік" десті. info
التفاسير:

external-link copy
61 : 21

قَالُواْ فَأۡتُواْ بِهِۦ عَلَىٰٓ أَعۡيُنِ ٱلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَشۡهَدُونَ

"Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер" десті. info
التفاسير:

external-link copy
62 : 21

قَالُوٓاْ ءَأَنتَ فَعَلۡتَ هَٰذَا بِـَٔالِهَتِنَا يَٰٓإِبۡرَٰهِيمُ

" Әй Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?",-десті. info
التفاسير:

external-link copy
63 : 21

قَالَ بَلۡ فَعَلَهُۥ كَبِيرُهُمۡ هَٰذَا فَسۡـَٔلُوهُمۡ إِن كَانُواْ يَنطِقُونَ

"Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар" деді. info
التفاسير:

external-link copy
64 : 21

فَرَجَعُوٓاْ إِلَىٰٓ أَنفُسِهِمۡ فَقَالُوٓاْ إِنَّكُمۡ أَنتُمُ ٱلظَّٰلِمُونَ

Олар өзара: "Шынында сендер залымсыңдар" десті. info
التفاسير:

external-link copy
65 : 21

ثُمَّ نُكِسُواْ عَلَىٰ رُءُوسِهِمۡ لَقَدۡ عَلِمۡتَ مَا هَٰٓؤُلَآءِ يَنطِقُونَ

Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: "Расында бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой" деді. info
التفاسير:

external-link copy
66 : 21

قَالَ أَفَتَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمۡ شَيۡـٔٗا وَلَا يَضُرُّكُمۡ

"Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?" info
التفاسير:

external-link copy
67 : 21

أُفّٖ لَّكُمۡ وَلِمَا تَعۡبُدُونَ مِن دُونِ ٱللَّهِۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ

"Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?",- деді. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 21

قَالُواْ حَرِّقُوهُ وَٱنصُرُوٓاْ ءَالِهَتَكُمۡ إِن كُنتُمۡ فَٰعِلِينَ

Олар: "Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер" десті. (Олар, Ыбырайымның қол-аяғын байлап, "мүнжанық" деген атқы арқылы отқа атарда Жебрейіл (Ғ.С.) келіп: "Бір хажетін бар ма?",- дегенде: "Саған хажетім жоқ" дейді. "Онда Раббыңнан тіле!",- дегенде: "Өзіне халім мәлім. Алла маған жетеді, Ол нендей жақсы ие" деп, нағыз Аллаға ғана сиынады. Б.М.Х.) info
التفاسير:

external-link copy
69 : 21

قُلۡنَا يَٰنَارُ كُونِي بَرۡدٗا وَسَلَٰمًا عَلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ

"Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол" дедік. info
التفاسير:

external-link copy
70 : 21

وَأَرَادُواْ بِهِۦ كَيۡدٗا فَجَعَلۡنَٰهُمُ ٱلۡأَخۡسَرِينَ

Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық. info
التفاسير:

external-link copy
71 : 21

وَنَجَّيۡنَٰهُ وَلُوطًا إِلَى ٱلۡأَرۡضِ ٱلَّتِي بَٰرَكۡنَا فِيهَا لِلۡعَٰلَمِينَ

Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік. info
التفاسير:

external-link copy
72 : 21

وَوَهَبۡنَا لَهُۥٓ إِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ نَافِلَةٗۖ وَكُلّٗا جَعَلۡنَا صَٰلِحِينَ

Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яғқүпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік. info
التفاسير: