Traduction des sens du Noble Coran - La traduction khazake - Khalîfah Altaï

Numéro de la page:close

external-link copy
80 : 4

مَّن يُطِعِ ٱلرَّسُولَ فَقَدۡ أَطَاعَ ٱللَّهَۖ وَمَن تَوَلَّىٰ فَمَآ أَرۡسَلۡنَٰكَ عَلَيۡهِمۡ حَفِيظٗا

Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік. info
التفاسير:

external-link copy
81 : 4

وَيَقُولُونَ طَاعَةٞ فَإِذَا بَرَزُواْ مِنۡ عِندِكَ بَيَّتَ طَآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ غَيۡرَ ٱلَّذِي تَقُولُۖ وَٱللَّهُ يَكۡتُبُ مَا يُبَيِّتُونَۖ فَأَعۡرِضۡ عَنۡهُمۡ وَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا

Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл. info
التفاسير:

external-link copy
82 : 4

أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ ٱلۡقُرۡءَانَۚ وَلَوۡ كَانَ مِنۡ عِندِ غَيۡرِ ٱللَّهِ لَوَجَدُواْ فِيهِ ٱخۡتِلَٰفٗا كَثِيرٗا

Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді. info
التفاسير:

external-link copy
83 : 4

وَإِذَا جَآءَهُمۡ أَمۡرٞ مِّنَ ٱلۡأَمۡنِ أَوِ ٱلۡخَوۡفِ أَذَاعُواْ بِهِۦۖ وَلَوۡ رَدُّوهُ إِلَى ٱلرَّسُولِ وَإِلَىٰٓ أُوْلِي ٱلۡأَمۡرِ مِنۡهُمۡ لَعَلِمَهُ ٱلَّذِينَ يَسۡتَنۢبِطُونَهُۥ مِنۡهُمۡۗ وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكُمۡ وَرَحۡمَتُهُۥ لَٱتَّبَعۡتُمُ ٱلشَّيۡطَٰنَ إِلَّا قَلِيلٗا

Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп- қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді. info
التفاسير:

external-link copy
84 : 4

فَقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ لَا تُكَلَّفُ إِلَّا نَفۡسَكَۚ وَحَرِّضِ ٱلۡمُؤۡمِنِينَۖ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَكُفَّ بَأۡسَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْۚ وَٱللَّهُ أَشَدُّ بَأۡسٗا وَأَشَدُّ تَنكِيلٗا

(Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғана жауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірін тоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын. info
التفاسير:

external-link copy
85 : 4

مَّن يَشۡفَعۡ شَفَٰعَةً حَسَنَةٗ يَكُن لَّهُۥ نَصِيبٞ مِّنۡهَاۖ وَمَن يَشۡفَعۡ شَفَٰعَةٗ سَيِّئَةٗ يَكُن لَّهُۥ كِفۡلٞ مِّنۡهَاۗ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٖ مُّقِيتٗا

Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым. info
التفاسير:

external-link copy
86 : 4

وَإِذَا حُيِّيتُم بِتَحِيَّةٖ فَحَيُّواْ بِأَحۡسَنَ مِنۡهَآ أَوۡ رُدُّوهَآۗ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ عَلَىٰ كُلِّ شَيۡءٍ حَسِيبًا

Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырық немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы. info
التفاسير: