Translation of the Meanings of the Noble Qur'an - Kazakh translation - Khalifa Altai

Page Number:close

external-link copy
138 : 6

وَقَالُواْ هَٰذِهِۦٓ أَنۡعَٰمٞ وَحَرۡثٌ حِجۡرٞ لَّا يَطۡعَمُهَآ إِلَّا مَن نَّشَآءُ بِزَعۡمِهِمۡ وَأَنۡعَٰمٌ حُرِّمَتۡ ظُهُورُهَا وَأَنۡعَٰمٞ لَّا يَذۡكُرُونَ ٱسۡمَ ٱللَّهِ عَلَيۡهَا ٱفۡتِرَآءً عَلَيۡهِۚ سَيَجۡزِيهِم بِمَا كَانُواْ يَفۡتَرُونَ

Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады. info
التفاسير:

external-link copy
139 : 6

وَقَالُواْ مَا فِي بُطُونِ هَٰذِهِ ٱلۡأَنۡعَٰمِ خَالِصَةٞ لِّذُكُورِنَا وَمُحَرَّمٌ عَلَىٰٓ أَزۡوَٰجِنَاۖ وَإِن يَكُن مَّيۡتَةٗ فَهُمۡ فِيهِ شُرَكَآءُۚ سَيَجۡزِيهِمۡ وَصۡفَهُمۡۚ إِنَّهُۥ حَكِيمٌ عَلِيمٞ

Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортак. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші info
التفاسير:

external-link copy
140 : 6

قَدۡ خَسِرَ ٱلَّذِينَ قَتَلُوٓاْ أَوۡلَٰدَهُمۡ سَفَهَۢا بِغَيۡرِ عِلۡمٖ وَحَرَّمُواْ مَا رَزَقَهُمُ ٱللَّهُ ٱفۡتِرَآءً عَلَى ٱللَّهِۚ قَدۡ ضَلُّواْ وَمَا كَانُواْ مُهۡتَدِينَ

Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды. info
التفاسير:

external-link copy
141 : 6

۞ وَهُوَ ٱلَّذِيٓ أَنشَأَ جَنَّٰتٖ مَّعۡرُوشَٰتٖ وَغَيۡرَ مَعۡرُوشَٰتٖ وَٱلنَّخۡلَ وَٱلزَّرۡعَ مُخۡتَلِفًا أُكُلُهُۥ وَٱلزَّيۡتُونَ وَٱلرُّمَّانَ مُتَشَٰبِهٗا وَغَيۡرَ مُتَشَٰبِهٖۚ كُلُواْ مِن ثَمَرِهِۦٓ إِذَآ أَثۡمَرَ وَءَاتُواْ حَقَّهُۥ يَوۡمَ حَصَادِهِۦۖ وَلَا تُسۡرِفُوٓاْۚ إِنَّهُۥ لَا يُحِبُّ ٱلۡمُسۡرِفِينَ

Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зейтін және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; Ысырап етпеңдер. Күдіксіз Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді. info
التفاسير:

external-link copy
142 : 6

وَمِنَ ٱلۡأَنۡعَٰمِ حَمُولَةٗ وَفَرۡشٗاۚ كُلُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ وَلَا تَتَّبِعُواْ خُطُوَٰتِ ٱلشَّيۡطَٰنِۚ إِنَّهُۥ لَكُمۡ عَدُوّٞ مُّبِينٞ

Және көлік болатын әрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге Алланың ризықтандырған нәрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне ермеңдер.Өйткені ол, сендерге ашық дұшпан. info
التفاسير: