Translation of the Meanings of the Noble Qur'an - Kazakh translation - Khalifa Altai

Page Number:close

external-link copy
49 : 2

وَإِذۡ نَجَّيۡنَٰكُم مِّنۡ ءَالِ فِرۡعَوۡنَ يَسُومُونَكُمۡ سُوٓءَ ٱلۡعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبۡنَآءَكُمۡ وَيَسۡتَحۡيُونَ نِسَآءَكُمۡۚ وَفِي ذَٰلِكُم بَلَآءٞ مِّن رَّبِّكُمۡ عَظِيمٞ

Сендерді Перғауынның сыбайластырынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойатын еді. (Бәлгерлердің: «Израил ұрпақтарынан бір ұл туып, ықпалыңды жояды» деуі бойынша Перғауын, олардан ұл туса, бауыздатып отыратын болған.) Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар. info
التفاسير:

external-link copy
50 : 2

وَإِذۡ فَرَقۡنَا بِكُمُ ٱلۡبَحۡرَ فَأَنجَيۡنَٰكُمۡ وَأَغۡرَقۡنَآ ءَالَ فِرۡعَوۡنَ وَأَنتُمۡ تَنظُرُونَ

Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
51 : 2

وَإِذۡ وَٰعَدۡنَا مُوسَىٰٓ أَرۡبَعِينَ لَيۡلَةٗ ثُمَّ ٱتَّخَذۡتُمُ ٱلۡعِجۡلَ مِنۢ بَعۡدِهِۦ وَأَنتُمۡ ظَٰلِمُونَ

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) ға (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
52 : 2

ثُمَّ عَفَوۡنَا عَنكُم مِّنۢ بَعۡدِ ذَٰلِكَ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ

Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік. info
التفاسير:

external-link copy
53 : 2

وَإِذۡ ءَاتَيۡنَا مُوسَى ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡفُرۡقَانَ لَعَلَّكُمۡ تَهۡتَدُونَ

және тура жолға келулерің үшін Мұса (Ғ.А.) ға Тәуратты (жақсы- жаманды) айырушы нұсқауды бердік. info
التفاسير:

external-link copy
54 : 2

وَإِذۡ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوۡمِهِۦ يَٰقَوۡمِ إِنَّكُمۡ ظَلَمۡتُمۡ أَنفُسَكُم بِٱتِّخَاذِكُمُ ٱلۡعِجۡلَ فَتُوبُوٓاْ إِلَىٰ بَارِئِكُمۡ فَٱقۡتُلُوٓاْ أَنفُسَكُمۡ ذَٰلِكُمۡ خَيۡرٞ لَّكُمۡ عِندَ بَارِئِكُمۡ فَتَابَ عَلَيۡكُمۡۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ

Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.( Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында хайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді. info
التفاسير:

external-link copy
55 : 2

وَإِذۡ قُلۡتُمۡ يَٰمُوسَىٰ لَن نُّؤۡمِنَ لَكَ حَتَّىٰ نَرَى ٱللَّهَ جَهۡرَةٗ فَأَخَذَتۡكُمُ ٱلصَّٰعِقَةُ وَأَنتُمۡ تَنظُرُونَ

Сол уақытта сендер: «Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз» дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды. (жасыл түсті) Көріп тұрдыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
56 : 2

ثُمَّ بَعَثۡنَٰكُم مِّنۢ بَعۡدِ مَوۡتِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَشۡكُرُونَ

Соңсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік. info
التفاسير:

external-link copy
57 : 2

وَظَلَّلۡنَا عَلَيۡكُمُ ٱلۡغَمَامَ وَأَنزَلۡنَا عَلَيۡكُمُ ٱلۡمَنَّ وَٱلسَّلۡوَىٰۖ كُلُواْ مِن طَيِّبَٰتِ مَا رَزَقۡنَٰكُمۡۚ وَمَا ظَلَمُونَا وَلَٰكِن كَانُوٓاْ أَنفُسَهُمۡ يَظۡلِمُونَ

үстеріңе бұлтты көлеңке етіп, және сендерге бөдене менен құдырет шекерін (Мәнна, Сәлуаны) түсірдік. «Сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер» (дедік). Олар бізге емес өздеріне ғана қастық қылды. info
التفاسير: