Übersetzung der Bedeutungen von dem heiligen Quran - Die Übersetzung in Kasachisch - Khalifa Altay

Ъәләқ

external-link copy
1 : 96

ٱقۡرَأۡ بِٱسۡمِ رَبِّكَ ٱلَّذِي خَلَقَ

Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! info
التفاسير:

external-link copy
2 : 96

خَلَقَ ٱلۡإِنسَٰنَ مِنۡ عَلَقٍ

Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. info
التفاسير:

external-link copy
3 : 96

ٱقۡرَأۡ وَرَبُّكَ ٱلۡأَكۡرَمُ

Оқы!Ол Раббың аса ардақты. info
التفاسير:

external-link copy
4 : 96

ٱلَّذِي عَلَّمَ بِٱلۡقَلَمِ

Сондай қаламмен үйреткен. info
التفاسير:

external-link copy
5 : 96

عَلَّمَ ٱلۡإِنسَٰنَ مَا لَمۡ يَعۡلَمۡ

Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен. info
التفاسير:

external-link copy
6 : 96

كَلَّآ إِنَّ ٱلۡإِنسَٰنَ لَيَطۡغَىٰٓ

Сөз жоқ,адам баласы әрине азады; info
التفاسير:

external-link copy
7 : 96

أَن رَّءَاهُ ٱسۡتَغۡنَىٰٓ

Ол,өзін мұңсыз көргендіктен. info
التفاسير:

external-link copy
8 : 96

إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ ٱلرُّجۡعَىٰٓ

Шын мәнінде қайту Раббың жақ. info
التفاسير:

external-link copy
9 : 96

أَرَءَيۡتَ ٱلَّذِي يَنۡهَىٰ

Көрдің бе,сондай тыйым салғанды; info
التفاسير:

external-link copy
10 : 96

عَبۡدًا إِذَا صَلَّىٰٓ

Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р) info
التفاسير:

external-link copy
11 : 96

أَرَءَيۡتَ إِن كَانَ عَلَى ٱلۡهُدَىٰٓ

Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да, info
التفاسير:

external-link copy
12 : 96

أَوۡ أَمَرَ بِٱلتَّقۡوَىٰٓ

Немесе тақуалықты бұйырған болса да. info
التفاسير:

external-link copy
13 : 96

أَرَءَيۡتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰٓ

Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса? info
التفاسير:

external-link copy
14 : 96

أَلَمۡ يَعۡلَم بِأَنَّ ٱللَّهَ يَرَىٰ

Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме? info
التفاسير:

external-link copy
15 : 96

كَلَّا لَئِن لَّمۡ يَنتَهِ لَنَسۡفَعَۢا بِٱلنَّاصِيَةِ

Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз; info
التفاسير:

external-link copy
16 : 96

نَاصِيَةٖ كَٰذِبَةٍ خَاطِئَةٖ

Өтірікші,күнәкардың кекілінен. info
التفاسير:

external-link copy
17 : 96

فَلۡيَدۡعُ نَادِيَهُۥ

Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын. info
التفاسير:

external-link copy
18 : 96

سَنَدۡعُ ٱلزَّبَانِيَةَ

Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз. info
التفاسير:

external-link copy
19 : 96

كَلَّا لَا تُطِعۡهُ وَٱسۡجُدۡۤ وَٱقۡتَرِب۩

Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында! info
التفاسير: