Übersetzung der Bedeutungen von dem heiligen Quran - Die Übersetzung in Kasachisch - Khalifa Altay

Nummer der Seite:close

external-link copy
69 : 6

وَمَا عَلَى ٱلَّذِينَ يَتَّقُونَ مِنۡ حِسَابِهِم مِّن شَيۡءٖ وَلَٰكِن ذِكۡرَىٰ لَعَلَّهُمۡ يَتَّقُونَ

Сондай сақсынғандарға олардың есебінен (жауапкершілік) еш нәрсе түспейді. Бірақ ескертуге болады. Бәлкім олар сақсынар. info
التفاسير:

external-link copy
70 : 6

وَذَرِ ٱلَّذِينَ ٱتَّخَذُواْ دِينَهُمۡ لَعِبٗا وَلَهۡوٗا وَغَرَّتۡهُمُ ٱلۡحَيَوٰةُ ٱلدُّنۡيَاۚ وَذَكِّرۡ بِهِۦٓ أَن تُبۡسَلَ نَفۡسُۢ بِمَا كَسَبَتۡ لَيۡسَ لَهَا مِن دُونِ ٱللَّهِ وَلِيّٞ وَلَا شَفِيعٞ وَإِن تَعۡدِلۡ كُلَّ عَدۡلٖ لَّا يُؤۡخَذۡ مِنۡهَآۗ أُوْلَٰٓئِكَ ٱلَّذِينَ أُبۡسِلُواْ بِمَا كَسَبُواْۖ لَهُمۡ شَرَابٞ مِّنۡ حَمِيمٖ وَعَذَابٌ أَلِيمُۢ بِمَا كَانُواْ يَكۡفُرُونَ

Сондай діндерін ойын-сауыққа алғандарды және дүние тіршілігіне алданғандарды қойып, Құран арқылы ескерт. Біреу қылығы себепті зиянға ұшырамасын. Негізінен оған Алладан өзге ешбір дос не қолдаушы жоқ. Және әрқандай төлеу берсе де одан алынбайды. Міне сондай қылықтарының салдарынан жанышталғандар үшін қарсылықтары себепті қайнап тұрған судан, сусын әрі жан түршігерлік азап бар. info
التفاسير:

external-link copy
71 : 6

قُلۡ أَنَدۡعُواْ مِن دُونِ ٱللَّهِ مَا لَا يَنفَعُنَا وَلَا يَضُرُّنَا وَنُرَدُّ عَلَىٰٓ أَعۡقَابِنَا بَعۡدَ إِذۡ هَدَىٰنَا ٱللَّهُ كَٱلَّذِي ٱسۡتَهۡوَتۡهُ ٱلشَّيَٰطِينُ فِي ٱلۡأَرۡضِ حَيۡرَانَ لَهُۥٓ أَصۡحَٰبٞ يَدۡعُونَهُۥٓ إِلَى ٱلۡهُدَى ٱئۡتِنَاۗ قُلۡ إِنَّ هُدَى ٱللَّهِ هُوَ ٱلۡهُدَىٰۖ وَأُمِرۡنَا لِنُسۡلِمَ لِرَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.): «Алладан басқа бізге пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге сиынайық па? Алла тура жолға салғаннан кейін қайтып, шайтан баурап, жер жүзінде абыржыған жолдастары: «Біз жақтағы тура жолға кел» деп шақырып жүрген кісі құсайық па?»,- де. «Алланың жолы тура жол. Және әлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдық» де. info
التفاسير:

external-link copy
72 : 6

وَأَنۡ أَقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَٱتَّقُوهُۚ وَهُوَ ٱلَّذِيٓ إِلَيۡهِ تُحۡشَرُونَ

«Намазды толық орындауға, Алладан қорқуға (бұйырылдық.)» Ол сондай Алла, хұзырына барып жиналасыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
73 : 6

وَهُوَ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ بِٱلۡحَقِّۖ وَيَوۡمَ يَقُولُ كُن فَيَكُونُۚ قَوۡلُهُ ٱلۡحَقُّۚ وَلَهُ ٱلۡمُلۡكُ يَوۡمَ يُنفَخُ فِي ٱلصُّورِۚ عَٰلِمُ ٱلۡغَيۡبِ وَٱلشَّهَٰدَةِۚ وَهُوَ ٱلۡحَكِيمُ ٱلۡخَبِيرُ

Ол, көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күні бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (қиямет) күні әкімшілік Онікі. Көместі және көрнеуді білуші әрі Ол хикмет иесі, толық хабар алушы. info
التفاسير: