Übersetzung der Bedeutungen von dem heiligen Quran - Die Übersetzung in Kasachisch - Khalifa Altay

Nummer der Seite:close

external-link copy
67 : 40

هُوَ ٱلَّذِي خَلَقَكُم مِّن تُرَابٖ ثُمَّ مِن نُّطۡفَةٖ ثُمَّ مِنۡ عَلَقَةٖ ثُمَّ يُخۡرِجُكُمۡ طِفۡلٗا ثُمَّ لِتَبۡلُغُوٓاْ أَشُدَّكُمۡ ثُمَّ لِتَكُونُواْ شُيُوخٗاۚ وَمِنكُم مَّن يُتَوَفَّىٰ مِن قَبۡلُۖ وَلِتَبۡلُغُوٓاْ أَجَلٗا مُّسَمّٗى وَلَعَلَّكُمۡ تَعۡقِلُونَ

Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөбек қып шығарып, соңыра ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 40

هُوَ ٱلَّذِي يُحۡيِۦ وَيُمِيتُۖ فَإِذَا قَضَىٰٓ أَمۡرٗا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُۥ كُن فَيَكُونُ

Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мәнінде оған: "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 40

أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ يُجَٰدِلُونَ فِيٓ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ أَنَّىٰ يُصۡرَفُونَ

(Мхаммед Ғ.С.) Алланың аяттары турасында тартысқандарды көрмейсің бе? Қалайша айналдырылады? info
التفاسير:

external-link copy
70 : 40

ٱلَّذِينَ كَذَّبُواْ بِٱلۡكِتَٰبِ وَبِمَآ أَرۡسَلۡنَا بِهِۦ رُسُلَنَاۖ فَسَوۡفَ يَعۡلَمُونَ

Сондай осы Кітапты, елшілерімізге жібергендерімізді жасынға шығарғандар, олар жедел біледі. info
التفاسير:

external-link copy
71 : 40

إِذِ ٱلۡأَغۡلَٰلُ فِيٓ أَعۡنَٰقِهِمۡ وَٱلسَّلَٰسِلُ يُسۡحَبُونَ

Сол уақытта олардың мойындарында ажырғылар, боғаулар болған түрде сүйреледі. info
التفاسير:

external-link copy
72 : 40

فِي ٱلۡحَمِيمِ ثُمَّ فِي ٱلنَّارِ يُسۡجَرُونَ

Қайнап тұрған суда болып, сосын отқа жағылады. info
التفاسير:

external-link copy
73 : 40

ثُمَّ قِيلَ لَهُمۡ أَيۡنَ مَا كُنتُمۡ تُشۡرِكُونَ

Сосын оларға: "Алладан өзге ортақ қосқан нәрселерің қайда?",-делінеді. info
التفاسير:

external-link copy
74 : 40

مِن دُونِ ٱللَّهِۖ قَالُواْ ضَلُّواْ عَنَّا بَل لَّمۡ نَكُن نَّدۡعُواْ مِن قَبۡلُ شَيۡـٔٗاۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلۡكَٰفِرِينَ

Олар: "(Өзгелер) бізден ғайып болды. Бәлкім біз бұрын еш нәрсеге шоқынбаушы едік" дейді. Алла кәпірлерді өстіп тентіретеді. info
التفاسير:

external-link copy
75 : 40

ذَٰلِكُم بِمَا كُنتُمۡ تَفۡرَحُونَ فِي ٱلۡأَرۡضِ بِغَيۡرِ ٱلۡحَقِّ وَبِمَا كُنتُمۡ تَمۡرَحُونَ

"Бұл сендердің жер жүзінде орынсыз мәз болып, масайрауларыңның салдарынан." info
التفاسير:

external-link copy
76 : 40

ٱدۡخُلُوٓاْ أَبۡوَٰبَ جَهَنَّمَ خَٰلِدِينَ فِيهَاۖ فَبِئۡسَ مَثۡوَى ٱلۡمُتَكَبِّرِينَ

Оларға: "Ішінде мәңгі қалатын тозақтың есігінен кіріңдер. тәкаппарлардың орны нендей жаман!" info
التفاسير:

external-link copy
77 : 40

فَٱصۡبِرۡ إِنَّ وَعۡدَ ٱللَّهِ حَقّٞۚ فَإِمَّا نُرِيَنَّكَ بَعۡضَ ٱلَّذِي نَعِدُهُمۡ أَوۡ نَتَوَفَّيَنَّكَ فَإِلَيۡنَا يُرۡجَعُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) енді сабыр ет. Алланың уәдесі хақ. Ал енді мейлі оларға еткен уәдеміздің кейбірін саған көрсетсек те(көзің тірісінде болса да) немесе саған өлім берсек те (бұрын қайтыс болсаң да) олар Біз жаққа қайтарылады. info
التفاسير: