Prijevod značenja časnog Kur'ana - Kazaški prijevod - Halifa Altaj

Broj stranice:close

external-link copy
25 : 14

تُؤۡتِيٓ أُكُلَهَا كُلَّ حِينِۭ بِإِذۡنِ رَبِّهَاۗ وَيَضۡرِبُ ٱللَّهُ ٱلۡأَمۡثَالَ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді. info
التفاسير:

external-link copy
26 : 14

وَمَثَلُ كَلِمَةٍ خَبِيثَةٖ كَشَجَرَةٍ خَبِيثَةٍ ٱجۡتُثَّتۡ مِن فَوۡقِ ٱلۡأَرۡضِ مَا لَهَا مِن قَرَارٖ

Ал енді (Аллаға шерік қатылған) жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты. info
التفاسير:

external-link copy
27 : 14

يُثَبِّتُ ٱللَّهُ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ بِٱلۡقَوۡلِ ٱلثَّابِتِ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا وَفِي ٱلۡأٓخِرَةِۖ وَيُضِلُّ ٱللَّهُ ٱلظَّٰلِمِينَۚ وَيَفۡعَلُ ٱللَّهُ مَا يَشَآءُ

Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де ақиретте де мықты сөзбен бекітеді. (Сондықтан ол мүмін өмірде қандай қатты қинау көрсе де: “Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Мұхаммед Алланың Елшісі” деген сенімнен бұлжымайды әрі қабырдағы сұрақтарға да дұрыс жауап береді. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.) Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді. info
التفاسير:

external-link copy
28 : 14

۞ أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلَّذِينَ بَدَّلُواْ نِعۡمَتَ ٱللَّهِ كُفۡرٗا وَأَحَلُّواْ قَوۡمَهُمۡ دَارَ ٱلۡبَوَارِ

(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Алланың нығметтеріне шүкір етуді, қарсы болуға ауыстырған және қауымдарын, құритын жұртқа итергендерді көрмейсің бе? info
التفاسير:

external-link copy
29 : 14

جَهَنَّمَ يَصۡلَوۡنَهَاۖ وَبِئۡسَ ٱلۡقَرَارُ

Олардың жұрты жаһаннам нендей жаман орын. info
التفاسير:

external-link copy
30 : 14

وَجَعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا لِّيُضِلُّواْ عَن سَبِيلِهِۦۗ قُلۡ تَمَتَّعُواْ فَإِنَّ مَصِيرَكُمۡ إِلَى ٱلنَّارِ

Олар, жолдан адастыру үшін Аллаға теңдестер жасайды. Оларға: “Күн көре тұрыңдар! Қайтар орындарың тозақ” де info
التفاسير:

external-link copy
31 : 14

قُل لِّعِبَادِيَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُواْ يُقِيمُواْ ٱلصَّلَوٰةَ وَيُنفِقُواْ مِمَّا رَزَقۡنَٰهُمۡ سِرّٗا وَعَلَانِيَةٗ مِّن قَبۡلِ أَن يَأۡتِيَ يَوۡمٞ لَّا بَيۡعٞ فِيهِ وَلَا خِلَٰلٌ

Сондай иман келтірген құлдарыма айт: “Намазды толық орындасын. Сондай-ақ бір нәрсені айырбастауға және достық болмайтын бір күннің келуінен бұрын өздеріне берген несібемізден тиісті орынға көрнеу, көмес жұмсасын”. info
التفاسير:

external-link copy
32 : 14

ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡفُلۡكَ لِتَجۡرِيَ فِي ٱلۡبَحۡرِ بِأَمۡرِهِۦۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلۡأَنۡهَٰرَ

Сондай Алла (Т.) көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Онымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды. info
التفاسير:

external-link copy
33 : 14

وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ دَآئِبَيۡنِۖ وَسَخَّرَ لَكُمُ ٱلَّيۡلَ وَٱلنَّهَارَ

Ол Алла (Т.) сендедің пайдаларың үшін, тұрақты түрде күн мен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты. info
التفاسير: