Ол сондай Алла, сауатсыздардың ішіне өздерінен; оларға Алланың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға; Кітап, даналық үйрететін бір Пайғамбар жіберді. Негізінде олар бұрын ашық адасуда еді.
Ол Алла, бұл Пайғамбарды олардан басқа әлі оларға қосылмағандарға да жіберді. Ол тым үстем, аса дана. (Бұл жердегі, әлі оларға қосылмағандар; қияметке дейін Ислам дініне кіретін елдер. Б.Ж.М.)
Өздеріне Тәурат жүктеліп кейін оны игере алмағандардың мысалы; кітаптарды артқан есек тәрізді. Алланың аяттарын жасынға шығарған елдің мысалы нендей жаман. Алла залым қауымды тура жолға салмайды.
Әй мүміндер! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде, дереу Алланы еске алуға (намазға) ұмтылыңдар; және сауданы қойыңдар, егер білген болсаңдар, сендер үшін жақсы.
Намаз өтелген кезде, жер жүзіне таралыңдар да Алланың мәрхаметінен несібе іздеңдер. Сондай-ак Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине құтыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С. бір жүма күні, хұтба оқып, тұрғанда бір астық артқан керуенге қағылған дабылды естіген ел, шыға жүгіріседі. Өйткені қатты ашаршылық бір жыл еді. Бұл аят соған байланысты. Б.М.)
Олар сауданы, ойынды көрген сәтте, сол жаққа тарайды да сені тік тұрған бойда тастайды. Оларға: "Алланың қасындагы нәрселер, ойыннан да саудадан да жақсы. Алла ризық берушілердің жақсырағы" де.