Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынан қорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасу жақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдар негізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі.
Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егер түзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерден бұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!»,- деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Алла мұңсыз, мақтаулы.