Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (70) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?",- де.
"Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? көз салмайсыңдар ма?",- де.
Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: "Дәлелдеріңді әкеліңдер" дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады.
Рас Қарун, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: "Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді" деді.
"Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді.