ترجمة معاني القرآن الكريم - الترجمة الكازاخية - خليفة ألطاي

رقم الصفحة:close

external-link copy
246 : 2

أَلَمۡ تَرَ إِلَى ٱلۡمَلَإِ مِنۢ بَنِيٓ إِسۡرَٰٓءِيلَ مِنۢ بَعۡدِ مُوسَىٰٓ إِذۡ قَالُواْ لِنَبِيّٖ لَّهُمُ ٱبۡعَثۡ لَنَا مَلِكٗا نُّقَٰتِلۡ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِۖ قَالَ هَلۡ عَسَيۡتُمۡ إِن كُتِبَ عَلَيۡكُمُ ٱلۡقِتَالُ أَلَّا تُقَٰتِلُواْۖ قَالُواْ وَمَا لَنَآ أَلَّا نُقَٰتِلَ فِي سَبِيلِ ٱللَّهِ وَقَدۡ أُخۡرِجۡنَا مِن دِيَٰرِنَا وَأَبۡنَآئِنَاۖ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡقِتَالُ تَوَلَّوۡاْ إِلَّا قَلِيلٗا مِّنۡهُمۡۚ وَٱللَّهُ عَلِيمُۢ بِٱلظَّٰلِمِينَ

(Бүкіл тәпсірлер бойынша «Ғамалқа» деген ел, Израил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған Сандықтарын тартып алып кетеді. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалұт деген патшаның заманында, Израил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді.) (Мұхаммед Ғ.С.)Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті. Пайғамбар: «Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!»,- деді. Олар: «Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала- шағаларымыздан шығарылдық» десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі. info
التفاسير:

external-link copy
247 : 2

وَقَالَ لَهُمۡ نَبِيُّهُمۡ إِنَّ ٱللَّهَ قَدۡ بَعَثَ لَكُمۡ طَالُوتَ مَلِكٗاۚ قَالُوٓاْ أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ ٱلۡمُلۡكُ عَلَيۡنَا وَنَحۡنُ أَحَقُّ بِٱلۡمُلۡكِ مِنۡهُ وَلَمۡ يُؤۡتَ سَعَةٗ مِّنَ ٱلۡمَالِۚ قَالَ إِنَّ ٱللَّهَ ٱصۡطَفَىٰهُ عَلَيۡكُمۡ وَزَادَهُۥ بَسۡطَةٗ فِي ٱلۡعِلۡمِ وَٱلۡجِسۡمِۖ وَٱللَّهُ يُؤۡتِي مُلۡكَهُۥ مَن يَشَآءُۚ وَٱللَّهُ وَٰسِعٌ عَلِيمٞ

Оларға пайғамбарлары: «дау жоқ. Алла сендерге талұтты патша сайлады» деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді» десті. Пайғамбар: «Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрі тұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсені кеңінен білуші» деді. info
التفاسير:

external-link copy
248 : 2

وَقَالَ لَهُمۡ نَبِيُّهُمۡ إِنَّ ءَايَةَ مُلۡكِهِۦٓ أَن يَأۡتِيَكُمُ ٱلتَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةٞ مِّن رَّبِّكُمۡ وَبَقِيَّةٞ مِّمَّا تَرَكَ ءَالُ مُوسَىٰ وَءَالُ هَٰرُونَ تَحۡمِلُهُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَةٗ لَّكُمۡ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ

Және олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн (Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер. info
التفاسير: