Қашан да Адам баласына тура жетекші келсе, оларды иман келтірулеріне және Раббыларынан жарылқау тілеулеріне кедергі болған нәрсе, бұрынғыларға келген апаттың ; өздеріне келуін немесе азаптың қарсы алдарына келуін тосулары.
Негізінде елшілерді қуандыру, қорқыту үшін ғана жібердік. Кәпірлер, бос нәрселер арқылы шындықты төмендетуге жағаласады. Әрі апаттарымызды және ескерткен нәрселерімізді тәлкекке алады.
Раббыларының аяттары арқылы үгіттеліп, одан бет бұрған және бұрынғы өз қолымен істегендерін ұмытқан кісілерден кім залымырақ? Расында олардың жүректеріне оны түсінбейтін қалтқы және де құлақтарына кереңдік пайда қылдық. (Мұхаммед Ғ.С. ) оларды туралыққа шақырсаң да әрине мүлде жолға келмейді.
Раббың ; өте жарылқаушы, мәрхамет иесі. Егер оларды қылықтарының салдарынан қолға алатын болса, әрине оларға азапты тездетер еді. Дегенмен олар үшін белгілі бір мерзім бар. О заман олар, Алладан өзге паналайтын жер таба алмайды.
Олар зұлымдық еткен заманда, сол кенттерді жоқ еттік. Солардың жоқ етілулері үшін де мерзім белгілеген едік. ( Мұса Ғ.С. Алланың Берген зор ғылымына ие құлы Хызыр Ғ.С. ға, екі теңіздің бірлескен жерінде кездесу үшін ; Юшақ ұлы Нұн екеуі жолға шығады. Б.Ж.М.Р.К.)