Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла,әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы. 53-С. 1-18-А.)
Сонсоң сендерді оларға үстем қылдық. Әрі сендерді малдар, балалар арқылы қуаттап, сан жағынан да молайттық. (Олардың бірінші астамшылығы; Тәуратқа қарсы келу, Шағяны өлтіру. Екіншісі: Зәкерия, Яхияны өлтіру және Ғисаға қастандық. Жеңілістері: Санжарып, Бахтынасар, Жалұт дәуірлері. Жақсарған дәуірлері; Данял, Дәуіт дәуірлері. Б.Ж.М.К.Р.Х.Т.Ж-Қ.
Егер игілік істесеңдер, өздерің үшін; Жамандық істесеңдер тағы өздеріңе тән. Екінші уәделі мезгіл келген кезде ; беттеріңді бұзып, қынжылту үшін және алғашқы кіргендеріндей Месжід Ақсаға кіріп, тас талқан қылулары үшін (жібердік.)