د قرآن کریم د معناګانو ژباړه - قزاقي ژباړه - خلیفة الطاي

د مخ نمبر:close

external-link copy
62 : 3

إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ ٱلۡقَصَصُ ٱلۡحَقُّۚ وَمَا مِنۡ إِلَٰهٍ إِلَّا ٱللَّهُۚ وَإِنَّ ٱللَّهَ لَهُوَ ٱلۡعَزِيزُ ٱلۡحَكِيمُ

(Нажыраннан келген дін басшыларына: «Егер Ғиса (Ғ.С.) жайындағы сенімдерің рас болса, бала- шағаларымызбен жиналып, Алланың лағынеті өтірікшілерге болсын!»,- деп, (Мұхаммед Ғ.С.) Фатыма, Хасан, Хұсайынды ертіп шыққан екен.) Расында осы (Ғиса Ғ.С.ға байланысты) қиссалар әлбетте шындық. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Шын мәніде Ол Алла, аса үстем, тым кемеңгер. (Бұл Христиандардың үш элементтік сенімдеріне тойтарыс.) info
التفاسير:

external-link copy
63 : 3

فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَإِنَّ ٱللَّهَ عَلِيمُۢ بِٱلۡمُفۡسِدِينَ

Егер олар (Алланы бірлеуден) бет бұрса, Алла бұзақыларды біледі info
التفاسير:

external-link copy
64 : 3

قُلۡ يَٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ تَعَالَوۡاْ إِلَىٰ كَلِمَةٖ سَوَآءِۭ بَيۡنَنَا وَبَيۡنَكُمۡ أَلَّا نَعۡبُدَ إِلَّا ٱللَّهَ وَلَا نُشۡرِكَ بِهِۦ شَيۡـٔٗا وَلَا يَتَّخِذَ بَعۡضُنَا بَعۡضًا أَرۡبَابٗا مِّن دُونِ ٱللَّهِۚ فَإِن تَوَلَّوۡاْ فَقُولُواْ ٱشۡهَدُواْ بِأَنَّا مُسۡلِمُونَ

(Мұхаммед Ғ.С.) : «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шіксіз біз Мұсылман болдық» деңдер. info
التفاسير:

external-link copy
65 : 3

يَٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ لِمَ تُحَآجُّونَ فِيٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَمَآ أُنزِلَتِ ٱلتَّوۡرَىٰةُ وَٱلۡإِنجِيلُ إِلَّا مِنۢ بَعۡدِهِۦٓۚ أَفَلَا تَعۡقِلُونَ

Әй Кітап иелері! Ыбырайым (Ғ.С.) жайында не үшін таласасыңдар? Негізінен Інжіл де тәурат та одан кейін түсірілген. Ойламайсыңдар ма? info
التفاسير:

external-link copy
66 : 3

هَٰٓأَنتُمۡ هَٰٓؤُلَآءِ حَٰجَجۡتُمۡ فِيمَا لَكُم بِهِۦ عِلۡمٞ فَلِمَ تُحَآجُّونَ فِيمَا لَيۡسَ لَكُم بِهِۦ عِلۡمٞۚ وَٱللَّهُ يَعۡلَمُ وَأَنتُمۡ لَا تَعۡلَمُونَ

Ал сендер мәліметтерің болған нәрсеге таластыңдар ғой. Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар? Алла біледі, сендер білмейсіңдер. info
التفاسير:

external-link copy
67 : 3

مَا كَانَ إِبۡرَٰهِيمُ يَهُودِيّٗا وَلَا نَصۡرَانِيّٗا وَلَٰكِن كَانَ حَنِيفٗا مُّسۡلِمٗا وَمَا كَانَ مِنَ ٱلۡمُشۡرِكِينَ

Ыбырайым (Ғ.С.) Яһуди де, Христиан да емес еді, нағыз Мұсылман еді. Ортақ қосушылардан емес еді. info
التفاسير:

external-link copy
68 : 3

إِنَّ أَوۡلَى ٱلنَّاسِ بِإِبۡرَٰهِيمَ لَلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُ وَهَٰذَا ٱلنَّبِيُّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُواْۗ وَٱللَّهُ وَلِيُّ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ

Расында адамдардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға ең жақындары; оған ергендер мен осы Пайғамбар (Мұхаммед Ғ.С.) және де мүміндер. Алла мүміндердің иесі. info
التفاسير:

external-link copy
69 : 3

وَدَّت طَّآئِفَةٞ مِّنۡ أَهۡلِ ٱلۡكِتَٰبِ لَوۡ يُضِلُّونَكُمۡ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمۡ وَمَا يَشۡعُرُونَ

Кітап иелерінің бір тобы, сендерді адастыруды қалады. Олар, өздерін ғана адастырады. Бірақ олар аңғармайды info
التفاسير:

external-link copy
70 : 3

يَٰٓأَهۡلَ ٱلۡكِتَٰبِ لِمَ تَكۡفُرُونَ بِـَٔايَٰتِ ٱللَّهِ وَأَنتُمۡ تَشۡهَدُونَ

Әй Кітап иелері! Өздерің көріп, біле тұра, Алланың аяттарына не үшін қарсы келесіңдер? info
التفاسير: