पवित्र कुरअानको अर्थको अनुवाद - कजाख अनुवाद : खलीफा अलताइ ।

رقم الصفحة:close

external-link copy
44 : 28

وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلۡغَرۡبِيِّ إِذۡ قَضَيۡنَآ إِلَىٰ مُوسَى ٱلۡأَمۡرَ وَمَا كُنتَ مِنَ ٱلشَّٰهِدِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.) ға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің. info
التفاسير:

external-link copy
45 : 28

وَلَٰكِنَّآ أَنشَأۡنَا قُرُونٗا فَتَطَاوَلَ عَلَيۡهِمُ ٱلۡعُمُرُۚ وَمَا كُنتَ ثَاوِيٗا فِيٓ أَهۡلِ مَدۡيَنَ تَتۡلُواْ عَلَيۡهِمۡ ءَايَٰتِنَا وَلَٰكِنَّا كُنَّا مُرۡسِلِينَ

Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға ұзын өмірлер өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірақ ол хабарларды жолдаушы Бізбіз. info
التفاسير:

external-link copy
46 : 28

وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ ٱلطُّورِ إِذۡ نَادَيۡنَا وَلَٰكِن رَّحۡمَةٗ مِّن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوۡمٗا مَّآ أَتَىٰهُم مِّن نَّذِيرٖ مِّن قَبۡلِكَ لَعَلَّهُمۡ يَتَذَكَّرُونَ

Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер. info
التفاسير:

external-link copy
47 : 28

وَلَوۡلَآ أَن تُصِيبَهُم مُّصِيبَةُۢ بِمَا قَدَّمَتۡ أَيۡدِيهِمۡ فَيَقُولُواْ رَبَّنَا لَوۡلَآ أَرۡسَلۡتَ إِلَيۡنَا رَسُولٗا فَنَتَّبِعَ ءَايَٰتِكَ وَنَكُونَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِينَ

Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: "Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
48 : 28

فَلَمَّا جَآءَهُمُ ٱلۡحَقُّ مِنۡ عِندِنَا قَالُواْ لَوۡلَآ أُوتِيَ مِثۡلَ مَآ أُوتِيَ مُوسَىٰٓۚ أَوَلَمۡ يَكۡفُرُواْ بِمَآ أُوتِيَ مُوسَىٰ مِن قَبۡلُۖ قَالُواْ سِحۡرَانِ تَظَٰهَرَا وَقَالُوٓاْ إِنَّا بِكُلّٖ كَٰفِرُونَ

Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: "Мұсаға берілген кұсаған неге бұған берілмейді?" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? "Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр" десті. "(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз" десті. info
التفاسير:

external-link copy
49 : 28

قُلۡ فَأۡتُواْ بِكِتَٰبٖ مِّنۡ عِندِ ٱللَّهِ هُوَ أَهۡدَىٰ مِنۡهُمَآ أَتَّبِعۡهُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер рас айтушы болсаңдар, Алла тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін" де. info
التفاسير:

external-link copy
50 : 28

فَإِن لَّمۡ يَسۡتَجِيبُواْ لَكَ فَٱعۡلَمۡ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهۡوَآءَهُمۡۚ وَمَنۡ أَضَلُّ مِمَّنِ ٱتَّبَعَ هَوَىٰهُ بِغَيۡرِ هُدٗى مِّنَ ٱللَّهِۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يَهۡدِي ٱلۡقَوۡمَ ٱلظَّٰلِمِينَ

Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды. info
التفاسير: