വിശുദ്ധ ഖുർആൻ പരിഭാഷ - കാസാഖ് വിവർത്തനം - ഖലീഫ അൽത്വായ്

പേജ് നമ്പർ:close

external-link copy
106 : 4

وَٱسۡتَغۡفِرِ ٱللَّهَۖ إِنَّ ٱللَّهَ كَانَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا

Алладан жарылқану тіле. Негізінен Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. info
التفاسير:

external-link copy
107 : 4

وَلَا تُجَٰدِلۡ عَنِ ٱلَّذِينَ يَخۡتَانُونَ أَنفُسَهُمۡۚ إِنَّ ٱللَّهَ لَا يُحِبُّ مَن كَانَ خَوَّانًا أَثِيمٗا

Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді. info
التفاسير:

external-link copy
108 : 4

يَسۡتَخۡفُونَ مِنَ ٱلنَّاسِ وَلَا يَسۡتَخۡفُونَ مِنَ ٱللَّهِ وَهُوَ مَعَهُمۡ إِذۡ يُبَيِّتُونَ مَا لَا يَرۡضَىٰ مِنَ ٱلۡقَوۡلِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ بِمَا يَعۡمَلُونَ مُحِيطًا

Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды. Алла, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі. info
التفاسير:

external-link copy
109 : 4

هَٰٓأَنتُمۡ هَٰٓؤُلَآءِ جَٰدَلۡتُمۡ عَنۡهُمۡ فِي ٱلۡحَيَوٰةِ ٱلدُّنۡيَا فَمَن يُجَٰدِلُ ٱللَّهَ عَنۡهُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ أَم مَّن يَكُونُ عَلَيۡهِمۡ وَكِيلٗا

Ал міне сендер дүние тіршілігінде олар тарапынан дауластыңдар, сонда қиямет күні олар тарапынан Алламен кім дауласа алады? Немесе оларға кім уәкіл бола алады? info
التفاسير:

external-link copy
110 : 4

وَمَن يَعۡمَلۡ سُوٓءًا أَوۡ يَظۡلِمۡ نَفۡسَهُۥ ثُمَّ يَسۡتَغۡفِرِ ٱللَّهَ يَجِدِ ٱللَّهَ غَفُورٗا رَّحِيمٗا

Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді. info
التفاسير:

external-link copy
111 : 4

وَمَن يَكۡسِبۡ إِثۡمٗا فَإِنَّمَا يَكۡسِبُهُۥ عَلَىٰ نَفۡسِهِۦۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَلِيمًا حَكِيمٗا

Ал және біреу күнә істесе, сонда негізінен ол өзіне істеген болады. Алла (Т.) толық білуші, аса дана. info
التفاسير:

external-link copy
112 : 4

وَمَن يَكۡسِبۡ خَطِيٓـَٔةً أَوۡ إِثۡمٗا ثُمَّ يَرۡمِ بِهِۦ بَرِيٓـٔٗا فَقَدِ ٱحۡتَمَلَ بُهۡتَٰنٗا وَإِثۡمٗا مُّبِينٗا

Тағы да біреу, бір қателік немесе күнә істесе, оны, ақ біреуге жапса, расында ол жала қойып, ашық күнә жүктеп алған болады. info
التفاسير:

external-link copy
113 : 4

وَلَوۡلَا فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكَ وَرَحۡمَتُهُۥ لَهَمَّت طَّآئِفَةٞ مِّنۡهُمۡ أَن يُضِلُّوكَ وَمَا يُضِلُّونَ إِلَّآ أَنفُسَهُمۡۖ وَمَا يَضُرُّونَكَ مِن شَيۡءٖۚ وَأَنزَلَ ٱللَّهُ عَلَيۡكَ ٱلۡكِتَٰبَ وَٱلۡحِكۡمَةَ وَعَلَّمَكَ مَا لَمۡ تَكُن تَعۡلَمُۚ وَكَانَ فَضۡلُ ٱللَّهِ عَلَيۡكَ عَظِيمٗا

(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметі болмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі. info
التفاسير: