വിശുദ്ധ ഖുർആൻ പരിഭാഷ - കാസാഖ് വിവർത്തനം - ഖലീഫ അൽത്വായ്

പേജ് നമ്പർ:close

external-link copy
41 : 36

وَءَايَةٞ لَّهُمۡ أَنَّا حَمَلۡنَا ذُرِّيَّتَهُمۡ فِي ٱلۡفُلۡكِ ٱلۡمَشۡحُونِ

Олардың нәсілдерін толы кемеде (Нұх кемесінде) тасуымыз, олар үшін бір белгі (Б.Ж.К.М.) info
التفاسير:

external-link copy
42 : 36

وَخَلَقۡنَا لَهُم مِّن مِّثۡلِهِۦ مَا يَرۡكَبُونَ

Әрі олар үшін сол сияқтыдан мінетін көліктер жаратуымыз (да бір белгі.) info
التفاسير:

external-link copy
43 : 36

وَإِن نَّشَأۡ نُغۡرِقۡهُمۡ فَلَا صَرِيخَ لَهُمۡ وَلَا هُمۡ يُنقَذُونَ

Қаласақ, оларды суға батырамыз. Сонда оларға болысушы да жоқ, олар құтқарылмайды да. info
التفاسير:

external-link copy
44 : 36

إِلَّا رَحۡمَةٗ مِّنَّا وَمَتَٰعًا إِلَىٰ حِينٖ

Бірақ Біздің тарапымыздан бір мәрхамет және бір мерзімге дейін пайдалану болады. info
التفاسير:

external-link copy
45 : 36

وَإِذَا قِيلَ لَهُمُ ٱتَّقُواْ مَا بَيۡنَ أَيۡدِيكُمۡ وَمَا خَلۡفَكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تُرۡحَمُونَ

Қашан оларға: "Алдарыңдагы және арттарыңдағы жағдайлардан сақтаныңдар. Әрине мәрхаметке бөленесіңдер" делінсе; info
التفاسير:

external-link copy
46 : 36

وَمَا تَأۡتِيهِم مِّنۡ ءَايَةٖ مِّنۡ ءَايَٰتِ رَبِّهِمۡ إِلَّا كَانُواْ عَنۡهَا مُعۡرِضِينَ

Сондай-ақ оларға Раббыларының белгілерінен бір белгі келсе-ақ олар одан жалтарады. info
التفاسير:

external-link copy
47 : 36

وَإِذَا قِيلَ لَهُمۡ أَنفِقُواْ مِمَّا رَزَقَكُمُ ٱللَّهُ قَالَ ٱلَّذِينَ كَفَرُواْ لِلَّذِينَ ءَامَنُوٓاْ أَنُطۡعِمُ مَن لَّوۡ يَشَآءُ ٱللَّهُ أَطۡعَمَهُۥٓ إِنۡ أَنتُمۡ إِلَّا فِي ضَلَٰلٖ مُّبِينٖ

Қашан оларға: "Алланың сендерге берген несібесінен тиісті орынға жұмсаңдар" делінсе, сондай қарсы болғандар: "Алла қаласа, тамақтандыратын біреулерді біз тамақтандырамыз ба? Сендер мүлде адасқансыңдар" деді. info
التفاسير:

external-link copy
48 : 36

وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا ٱلۡوَعۡدُ إِن كُنتُمۡ صَٰدِقِينَ

Олар: "Егер шын айтсаңдар, Бұл құқайларың қашан?" дейді. info
التفاسير:

external-link copy
49 : 36

مَا يَنظُرُونَ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ تَأۡخُذُهُمۡ وَهُمۡ يَخِصِّمُونَ

Олар таласып тұрғанда, оларды қолға алатын бір-ақ ащы дауыс күтіп тұрады. info
التفاسير:

external-link copy
50 : 36

فَلَا يَسۡتَطِيعُونَ تَوۡصِيَةٗ وَلَآ إِلَىٰٓ أَهۡلِهِمۡ يَرۡجِعُونَ

Сонда олар өсиет айталмайды да үйлеріне де қайта алмайды. info
التفاسير:

external-link copy
51 : 36

وَنُفِخَ فِي ٱلصُّورِ فَإِذَا هُم مِّنَ ٱلۡأَجۡدَاثِ إِلَىٰ رَبِّهِمۡ يَنسِلُونَ

Сұр үрілсе, сонда олар қабырларынан Раббыларына жүгіреді: info
التفاسير:

external-link copy
52 : 36

قَالُواْ يَٰوَيۡلَنَا مَنۢ بَعَثَنَا مِن مَّرۡقَدِنَاۜۗ هَٰذَا مَا وَعَدَ ٱلرَّحۡمَٰنُ وَصَدَقَ ٱلۡمُرۡسَلُونَ

"Әттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?",-дейді. "Міне мейірімді Алланың уәдесі.Пайғамбар да шын айтқан" (делінеді.) info
التفاسير:

external-link copy
53 : 36

إِن كَانَتۡ إِلَّا صَيۡحَةٗ وَٰحِدَةٗ فَإِذَا هُمۡ جَمِيعٞ لَّدَيۡنَا مُحۡضَرُونَ

Бір ғана айғай болады да сонда тұтас алдымызға әзір болады. info
التفاسير:

external-link copy
54 : 36

فَٱلۡيَوۡمَ لَا تُظۡلَمُ نَفۡسٞ شَيۡـٔٗا وَلَا تُجۡزَوۡنَ إِلَّا مَا كُنتُمۡ تَعۡمَلُونَ

Ал енді бүгін ешкімге зұлымдық етілмейді. Сондай-ақ істегендеріңнің ғана бодауын көресіңдер. info
التفاسير: